"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меңдіқара ауданының кәсіпорындарында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарынының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Меңдіқара ауданының кәсіпорындарында интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қарашадағы № 388 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімілінде № 9-15-139 тіркелген, 2010 жылғы 30 желтоқсандағы "Меңдіқара үні" газетінде жарияланған).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. А. Әбдіхалықовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Денинг |
КЕЛІСІЛДІ
"Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ В. Гребенюк