Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына және 8-тармағына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессиясының төрайымы С. Сералинова
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Б. Бекенов
КЕЛІСІЛДІ:
"Федоров ауданының кәсіпкерлік,
ауыл шаруашылық және
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________ С. Құсайынов
"Федоров ауданының
экономика және қаржы
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________ В. Гринак