Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11-бабының 3) тармақшасына, "Жаңаауыл ауылдық округін есептік мәліметтерден шығару және тарату туралы" Павлодар қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 318/8 және Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 140/7 бірлескен қаулысы мен шешіміне, Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі "Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы" N 110/4 қаулысына сәйкес, Павлодарское селосы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық құрылымына келесі өзгерістер енгізілсін:
аумағын Павлодар облысы Павлодар қаласының құрамына қосу арқылы Жаңаауыл ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы, облыстық
мәслихаттың хатшысы М. Көбенов
Павлодар облысының әкімі Е. Арын