Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 11.10.2013 N 1363/5 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі жұмыссыз азаматтардың мынадай санаттарымен толықтырылсын:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
2) 50 жастан асқан әйелдер;
3) 55 жастан асқан ерлер;
4) толық 25 жасқа дейінгі жастар;
5) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
6) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
7) бұрын жұмыс істемеген (еңбек өтілі жоқ) тұлғалар;
8) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер.
2. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар анықталсын:
1) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі олардың зейнеткерлік жасына келуіне дейін ұзартылсын;
2) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген тұлғалардан (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) басқа, дәрігерлік–кеңестік комиссияның анықтамалары бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғаларға, мүгедектерге қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі бір жылға дейін белгіленсін.
3. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды іске асыруды жүзеге асырсын.
4. Павлодар қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2011 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы" N 892/14 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-1-171 тіркелген, 2011 жылғы 27 мамырда N 13 "Шаһар", 2011 жылғы 30 мамырда N 21 "Версия" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. М. Қанафинаға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі О. Қайыргелдинов