Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 18.10.2013 N 1-11/127 хаты).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 47-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласының жалпы білім беру мектептерінің, арнайы түзеу мектеп-интернатының оқушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:
1) аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына;
2) көп балалы отбасыларының балаларына;
3) мүгедек балаларға;
4) қамқорлықта (қорғаншылықта) және патронатта тұрған балаларға қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру жеңілдігі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың жоспар және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, қалалық
мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев