Екібастұз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы "Мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" N 968/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 01 қарашадағы N 1191/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 қарашада N 3262 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 19 маусымдағы N 555/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 19.06.2013 N 555/6 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік ресімдер туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" N 745, 2012 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" N 1119 қаулыларына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы "Мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3228 тіркелген, 2012 жылғы 4 қазанда N 40 (1134) "Отарқа" және N 40 (2946) "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) N 968/8 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) қаулының барлық мәтіні бойынша "Оқушыларды және тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін ұйымдарына тегін жеткізу мен кейін үйіне апарып салуды қамтамасыз ету" сөздері "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет регламентінің 5-тармағы келесі редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысымен бекітілген "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу"" мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.";
      3) "Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйге тегін тасымалдауды қамтамасыз ету" мемлекеттік қызмет регламентінің 5-тармағы келесі редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысымен бекітілген "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі."
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.К. Мардановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Н. Дычко

О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 27 августа 2012 года N 968/8 "Об утверждении регламентов государственных услуг"

Постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 01 ноября 2012 года N 1191/11. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 19 ноября 2012 года N 3262. Утратило силу постановлением акимата города Экибастуза Павлодарской области от 19 июня 2013 года N 555/6

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Экибастуза Павлодарской области от 19.06.2013 N 555/6.

      В соответствии со статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах", статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлениями Правительства Республики Казахстан" от 20 июля 2010 года N 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам", от 31 августа 2012 года N 1119 "Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых Министерством образования и науки Республики Казахстан, местными исполнительными органами в сфере образования и науки" акимат города Экибастуза ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Экибастуза от 27 августа 2012 года N 968/8 "Об утверждении регламентов государственных услуг" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов N 3228, опубликовано 4 октября 2012 года в газетах "Отарқа" N 40 (1134) и "Голос Экибастуза" N 40 (2946) следующие изменения:
      1) по всему тексту постановления слова "Обеспечение бесплатного подвоза обучающихся и воспитанников к общеобразовательной организации образования и обратно домой" заменить словами "Прием документов для предоставления бесплатного подвоза к общеобразовательным организациям и обратно домой детям, проживающим в отдаленных сельских пунктах";
      2) пункт 5 регламента государственной услуги "Оформление документов на социальное обеспечение сирот, детей, оставшихся без попечения родителей" изложить в следующей редакции: "Государственная услуга оказывается на основании стандарта "Оформление документов на социальное обеспечение сирот, детей, оставшихся без попечения родителей", утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан 31 августа 2012 года N 1119 (далее – Стандарт).";
      3) пункт 5 регламента государственной услуги "Обеспечение бесплатного подвоза обучающихся и воспитанников к общеобразовательной организации образования и обратно домой" изложить в следующей редакции: "Государственная услуга оказывается на основании стандарта   "Прием документов для предоставления бесплатного подвоза к общеобразовательным организациям и обратно домой детям, проживающим в отдаленных сельских пунктах", утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан 31 августа 2012 года N 1119 (далее – Стандарт).".
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Экибастуза Марданову А.К.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      акима города Экибастуза                    Н. Дычко