Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 23.01.2014 N 122-27-5 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 28 сәуіріндегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 13 сәуіріндегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 20 шілдесіндегі "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" N 754 қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Ертіс аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар азаматтардың келесі санаттары:
1) Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушылары мен мүгедектері;
2) "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар;
3) концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындар (бұдан әрі - тұтқындар);
4) 1986 - 1987, 1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электрстансасы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдар (бұдан әрі - ЧАЭС қатысушы);
5) басқа мемлекеттердің аумақтарындағы және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарында қатысқан тұлғалар (бұдан әрі - Ауған жауынгерлері);
6) қайтыс болған ҰОС қатысушылардың қайталап некеге отырмаған жесірлер;
7) ҰОС жылдарында ерең еңбегі үшін наградалары бар тыл еңбеккерлері және 1941 жылғы 21 маусымынан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде алты ай жұмыс істеген тұлғалар;
8) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің есебінде тұрған жалғызілікті және жалғыз тұратын қарттар;
9) жасы бойынша зейнетақы көлемі толық емес, бірақ зейнетақыны ең аз мөлшерде алатын азаматтар;
10) сексен жастан тоқсан тоғыз жасқа дейінгі азаматтар;
11) жүз жас және одан асқан азаматтар;
12) жасы бойынша зейнеткерлер;
13) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің есебінде тұрған жалғызілікті және жалғыз тұратын мүгедектер;
14) арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған бірінші және екінші топтардағы мүгедектер;
15) мүгедек балалар және бала жасынан мүгедектер;
16) мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасылар;
17) "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - бөлім) есебінде тұратын жұмыссыз азаматтар;
18) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
19) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған көп балалы аналар;
20) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар;
21) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінен мектеп жастағы балалары бар аз қамтылған отбасылар;
22) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар және он сегіз жасқа дейінгі балаларға балалар жәрдемақысын алушылар санынан аз қамтылған отбасылар;
23) қолдан тамақтандырылатын бір жасқа дейінгі балалардың тамағына, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған отбасылар;
24) аз қамтылған отбасылардан және ата-анасының қамқорынсыз қалған студенттер;
25) жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар;
26) он екі аптаға дейінгі жүктілігі мерзімдегі жүкті әйелдер;
27) онкология ауруларынан азап шеккен тұлғалар;
28) адамның иммун тапшылығы вирусына шалдыққан тұлғалар;
29) туберкулездің әртүрлі формаларымен азап шеккен тұлғалар;
30) бөлімде қайтыс болған кезінде есепте тұрған зейнеткерлік жасқа жақындаған (әйелдер елу бес жастан аса, ерлер алпыс жастан аса) жұмыссыз азаматтарды жерлеуін өткізетін аз қамтылған отбасылар санынан тұлғалар;
31) экстремалдық жағдайларға тап болған (өрт, кездейсоқ апат, жазатайым оқиға) жан басына шаққандағы орташа табысы ең аз күнкөріс деңгейінен төмен және өткен жылы әлеуметтік төлемақы алмаған тұлғалар.
2. Табыстарды санамағанда ай сайынғы және бір реттік әлеуметтік көмек осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтардың келесі санаттарға ұсынылады:
1) 1), 7), 13), 14) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мерзімдік басылымдарға жазылушылардың таңдауы бойынша, олардың өтініштері негізінде жазылуға біржолғы 7 500 (жеті мың бес жүз) теңгеден сомаға кем емес;
2) 8), 9), 10), 11), 12) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін (облыстық бюджет қаражатынан шипажайлық-курорттық емделуге құқығы бар азаматтарды санамағанда) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН), "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі (бұдан әрі - "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесі) немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен, сауықтыру қажеттілігі туралы медициналық қорытынды, шипажайлық-курорттық картасының, жеке куәлігінің, зейнеткерлік куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысының ішкі істер департаментінің мекенжайлық-анықтама бюросының (бұдан әрі - Павлодар облысының ІІД МАБ) анықтамасы негізінде сауықтыруға біржолғы 49 000 (қырық тоғыз мың) теңге мөлшерінде.
Шипажайлық-курорттық емделу алғаннан кейін өтініш иесі бөлімге емделу алғаны туралы анықтамасын ұсынады;
ардагерлер қозғалысына жиырма бес жылдығына және облыстық ардагерлердің кеңесіне отыз жылдығына орай өтініш, жеке куәлік, зейнеткерлік куәлік көшірмелері негізінде Астана қаласына бару бір кісіге біржолғы 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде және Баянауыл кентіне бару бір кісіге біржолғы 9 000 (тоғыз мың) теңге мөлшерінде;
3) 27), 28) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін СТН, "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен өтініш, дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі - ДКК) қорытындысынан үзінді көшірмесі, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысының ІІД МАБ анықтамасы негізінде біржолғы 15 000 (он бес мың) теңге;
4) 29) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін СТН, "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен өтініш, "Ертіс туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесінен анықтама, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысының ІІД МАБ анықтамасы негізінде амбулаторлық емдеуден өту мерзіміне жақсартылған тамаққа біржолғы 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
5) 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін: жылына бір рет облыс орталығына дейін бару және қайту жолына 1 618 (бір мың алты жүз он сегіз) теңге мөлшерінде;
дәрі сатып алуға ай сайын 3 236 (үш мың екі жүз отыз алты) теңге мөлшерінде;
тұрғын үйлерін жөндеуге біржолғы 16 180 (он алты мың жүз сексен) теңге мөлшерінде;
санторабын (ванна, дәретхана, канализация), үйге су өткізу және электржылытумен пайдалануына құжаттарды біржолғы 915 991 (тоғыз жүз он бес мың тоғыз жүз тоқсан бір) теңге мөлшерінде;
6) 18) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін СТН, "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен өтініш, бостандық алу туралы анықтаманың, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысының ІІД МАБ анықтамасы негізінде бірінші қажетті тауарларына (гигиена құралдары, азық-түлік, киім) біржолғы 17 000 (он жеті мың) теңге мөлшерінде;
7) 26) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін СТН, "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен өтініш, "Ертіс орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - аудандық аурухана) берген анықтамасы, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысының ІІД МАБ анықтамасы негізінде біржолғы 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
8) 21), 22) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін СТН, "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, бөлімнен анықтама, ауыл немесе ауылдық округі әкімінің өтінімі, ірі қара малға (бұдан әрі - ІҚМ) төлқұжаттың көшірмесі, сатушы және сатып алушымен қол қойылған ІҚМ сату-сатып алу келісім-шарты, аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ауыл немесе ауылдық округінің учаскелік комиссияның хаттамасы негізінде ІҚМ, шағын қара мал сатып алуға біржолғы 150 000 (жүз елу мың) теңге және мал азығын сатып алуға біржолғы 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
СТН, "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, мектептен анықтама, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясаты жөніндегі комиссияның өтінімі және бөлімнің тізімі негізінде балаларды мектепке даярлау үшін бір балаға біржолғы 8 090 (сегіз мың тоқсан) теңге мөлшерінде;
9) 17) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін СТН, "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, бөлімінен анықтама, ауыл және ауылдық округі әкімінің өтінімі негізінде еңбекпен оңалту кезінде біржолғы 48 540 (қырық сегіз мың бес жүз қырық) теңге мөлшерінде.
3. Осы шешімнің 1 тармағының 16) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін алты шама айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде өтініш берген айдан бастап бір жылға тағайындалады және тоқсан сайын төленеді. Әлеуметтік көмек төлеуінің тоқтатылуына әкелетін жағдайлар (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуына, мүгедек бала қайтыс болған кезде, мүгедектіктен шығару) туындаған кезде көрсетілген мән-жайлар пайда болған айдан кейінгі келесі айдан соң төлемдер тоқтатылады.
4. Табыстарын санамағанда тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне ай сайын осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтардың келесі санаттарға төленеді:
1) 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін ағымдағы жылдың тоқсан басында 1 қаңтардан 30 сәуірге дейін және 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін 16 180 (он алты мың жүз сексен) теңге мөлшерінде, ағымдағы жылдың 1 мамырдан 30 қыркүйекке дейін 8 090 (сегіз мың тоқсан) теңге мөлшерінде;
2) 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін СТН, "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен өтініші, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Павлодар облысы филиалының Ертіс аудандық бөлімшесі" мемлекеттік мекемесінің анықтамасы, зейнеткерлік куәлігінің, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысының ІІД МАБ анықтамасы негізінде 3 236 (үш мың екі жүз отыз алты) теңге мөлшерінде;
3) 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін СТН, "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен өтініші, Ауған соғысының қатысушы болғаны растайтын куәлігі, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысының ІІД МАБ анықтамасы негізінде 3 236 (үш мың екі жүз отыз алты) теңге мөлшерінде;
4) 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін СТН, "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен өтініші, ЧАЭС қатысушы куәлігінің, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысының ІІД МАБ анықтамасы негізінде 3 236 (үш мың екі жүз отыз алты) теңге мөлшерінде;
5) 3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін СТН, "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен өтініші, жеке куәлігінің, тұтқын болғаны растайтын куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысының ІІД МАБ анықтамасы негізінде 3 236 (үш мың екі жүз отыз алты) теңге мөлшерінде;
6) 2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін СТН, "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен өтініші, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісіне куәліктердің, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысының ІІД МАБ анықтамасы негізінде 3 236 (үш мың екі жүз отыз алты) теңге мөлшерінде.
5. Табыстарды санамағанда ай сайынғы және біржолғы әлеуметтік көмек осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтардың келесі санаттарға төленеді:
1) 23) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін СТН, "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен өтініші, жеке куәлігінің, баланың туу туралы куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысының ІІД МАБ анықтамасы негізінде, аудандық аурухана берген анықтамасы, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелерінің табыстары туралы және қосалқы шаруашылықтары туралы мәліметтер негізінде балаларды тамақтандыруына ай сайын 3 236 теңге мөлшерінде;
2) 31) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін СТН, "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен өтініші, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысының ІІД МАБ анықтамасы, "Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру, апаттық құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің қорытындысы, отбасының табыстары туралы мәліметтер негізінде біржолғы 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
3) 30) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін СТН, "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен өтініші, жеке куәлігінің, қайтыс болғаны туралы куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысының ІІД МАБ анықтамасы, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелерінің табыстары туралы және қосалқы шаруашылықтары туралы мәліметтер және қайтыс болған тұлғаның мәртебесін растайтын құжат негізінде біржолғы 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
4) 21), 22), 23) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін СТН, "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен өтініші, жеке тұлғаның растайтын құжаттардың болуы, олардың көшірмелері, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысының ІІД МАБ анықтамасы, ауыл және ауылдық округі әкімінің өтінімі, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелерінің табыстары туралы және қосалқы шаруашылықтары туралы мәліметтер негізінде құжаттарды ауыстыруға және құжаттандыруды өткізу біржолғы 1 618 (бір мың алты жүз он сегіз) теңге мөлшерінде;
5) 24), 25) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылғане жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен өтініші, СТН, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысының ІІД МАБ анықтамасы, Ертіс ауданы әкімінің, Павлодар қаласы жоғарғы білім беру мекемесі басшысының және студенттің қолтаңбалары қойылған білім беру қызметін іске асыруға үш жақты келісім-шарт негізінде Павлодар қаласының жоғарғы оқу орындарында біржолғы оқудың нақты құнының мөлшерінде.
Сонымен қатар, студенттерге жоғары оқу орындарында оқу мерзімі бойы тұру, тамақтану және мекен-жайына бару үшін ай сайын 16 000 (он алты мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек ұсынылады.
Құжаттар тұпнұсқадағы және көшірме түрлерінде сәйкестіру үшін ұсынылады, содан кейін тұпнұсқадағы құжаттар өтініш иесіне қайтарылады.
6. Естелік күндері мен мерекелік күндерге орай азаматтарға әлеуметтік көмекке өтініш пен құжаттар алынбай, сәйкестік айдың бірінші күні жағдайына тегінің, атының, әкесінің атының, туған күнін, жеке сәйкестіру нөмірін, СТН, мемлекеттік арнайы жәрдемақының алатын түрін, "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктерде жеке есеп шотының нөмірін көрсетілуімен ауыл немесе ауылдық округі әкімімен ұсынылған мәліметтер негізінде ұсынылады.
Бөлім біржолғы әлеуметтік көмекті естелік және мерекелік күндерге осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтардың келесі санаттарға ұсынылады:
1) Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін ауыл немесе ауылдық округі әкімінің тізімі негізінде 8090 (сегіз мың тоқсан) теңге мөлшерінде;
2) Халықаралық әйелдер күніне 19), 20) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін ауыл немесе ауылдық округі әкімінің тізімі негізінде 4 000 (төрт мың) теңге мөлшерінде;
3) ЧАЭС апаты күніне 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін ауыл немесе ауылдық округі әкімінің тізімі негізінде 6 000 (алты мың) теңге мөлшерінде;
4) Жеңіс күніне 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін бөлімнің тізімі негізінде 67 000 (алпыс жеті мың) теңге және азық-түлік жинағын алу үшін 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
2), 3), 6) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін ауыл немесе ауылдық округі әкімінің тізімі негізінде 3 000 (үш мың) теңге мөлшерінде;
5) Қарт адамдар күніне 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін ауыл немесе ауылдық округі әкімінің тізімі негізінде 1 600 (бір мың алты жүз) теңге мөлшерінде;
10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін ауыл немесе ауылдық округі әкімінің тізімі негізінде 3 000 (үш мың) теңге мөлшерінде;
11) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін ауыл немесе ауылдық округі әкімінің тізімі негізінде 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
8), 13) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін ауыл немесе ауылдық округі әкімінің тізімі негізінде 1 600 (бір мың алты жүз) теңге мөлшерінде;
6) Мүгедек күніне 13), 14) 15) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін ауыл немесе ауылдық округі әкімінің тізімі негізінде 4 000 (төрт мың) теңге мөлшерінде.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының экономика, бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
8. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Мұқанов
Ертіс аудандық
мәслихатының хатшысы Ж. Беспаев