Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 26.09.2014 N 20/33 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15)-тармақшасына, сәйкес Качир аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Качир ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына жылына бір рет екі тонна мөлшерінде көмір сатып алу үшін әлеуметтік көмек берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты жоспарлы-бюджеттік комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Е. Шаров
Качир аудандық
мәслихатының хатшысы С. Баяндинов