Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес Ковалев ауылынының тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес, Успен ауданының Ковалев ауылының көшелеріне атау берілсін.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кеуін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ковалев ауылдық
округінің әкімі Д. Құлжанов
Успен ауданының Ковалев
ауылдық округі әкімінің
2012 жылғы 03 мамырдағы
N 2 шешіміне
қосымша
Успен ауданының Ковалев ауылының көшелерінінің атауы
1) N 1 көше – Тәуелсіздік көшесі;
2) N 2 көше – Мира көшесі;
3) N 3 көше – Ақпан көшесі;
4) N 4 көше – Абай көшесі;
5) N 5 көше – Остапенко көшесі.