Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 21.07.2014 № 1-35-112 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағының 15) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 53–бабы 2–тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылы Шарбақты ауданының білім берудегі педагог қызметкерлеріне тұрғын үй–жайларын жылыту үшін отын сатып алуға 5000 (бес мың) теңге көлемінде бір жолғы ақшалай өтемақы, 2012 жылғы бюджет қаражаты есебінен төленсін.
2. Төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама, еңбек кітапшасы немесе жұмыс орнынан анықтама негізінде жүргізіледі.
3. "Шарбақты ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік төлемдерді өз уақытында қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық
мәслихат хатшысы Т. Абдрахманов