Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.03.2014 N 62 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің м.а. А. Сапаров
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы 7 қарашадағы
№ 322 қаулысына қосымша
Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлар
№ |
Атауы |
Мекенжайы |
1. |
Дүкен |
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 24 |
2. |
Дүкен |
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 14 |
3. |
Сауда кешенінің бірінші қабатындағы «Меломан» бутигі (№ 1.21 үй-жай) |
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Кәрім Сүтішев көшесі, 58/б |
4. |
Тұрғын үй |
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка селосы, Московский бұрылыс көшесі, 1 |