Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 21.01.2013 N 75 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31–бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен субсидиялау ережелерінің 12-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімі және Петропавл қаласында 2012 жылы екінші дақыл алмасуына басым ауыл шаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері анықталсын, қосымшаға сай.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Б. Байбақтиновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Б. Жұмабеков
Петропавл қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 1881 қаулысына
қосымша
Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін және Петропавл қаласында 2012 жылы екінші дақыл алмасуына басым ауылшаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері
р/к |
Дақылдардың атауы |
Өтінім беру мерзімі |
Егу мерзімі |
1 |
Қияр |
2012 жылдың 15 қарашасына дейін |
20.09.2012 жыл - 31.12.2012 жыл |