Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық", "селосының" сөздері "ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 20.08.2018 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Кенжеғалы ауылы тұрғындардың пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьевка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьевка ауылдық округі Кенжеғалы ауылының көшелеріне атау берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 10 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьевка ауылдық округі Кенжеғалы ауылының көшелерінің атауы
1) № 1 көше - Кенжеғалы;
2) № 2 көше - Обуховская;
3) № 3 көше - Мектеп;
4) № 4 көше - Целинная;