Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімі аппаратының 2013.01.10 N 02.01-01-25 хаты)
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республика-сындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Қоса берілген әскери қызметке азаматтарды кезекті шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
3. Селолық округ әкімдері азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кезінде ауданның әскери басқару жергілікті органына шақырылушыларды уақытында әкелуді қамтамасыз етсін.
4. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан бюджеті есебінен азаматтарды әскери қызметке шақыру бойынша іс-шараларды өткізудің шығындарын уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Аудан әкімінің аппарат басшысы әскерге шақыру уақытына саны төрт бірлік техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететін тұлғаларды жұмысқа қабылдасын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ғ. Махметовке жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі Е. Жанділдин
Келісілді
«Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы С.И. Чепухин
Айыртау ауданы әкімдігінің
2012 ж. 27 наурыздағы
№ 101 қаулысымен бекітілген
Әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу
Кестесі
Селолық |
Адам |
Комиссияны өткізу күні |
||||||
02. |
03. |
04. |
05. |
06. |
10. |
11. |
||
Арықбалық |
36 |
36 |
||||||
Антоновка |
29 |
29 |
||||||
Володар |
74 |
21 |
14 |
9 |
30 |
|||
Гусаковка |
14 |
14 |
||||||
Елецкий |
12 |
12 |
||||||
Жетікөл |
17 |
17 |
||||||
Имантау |
33 |
33 |
||||||
Казанка |
24 |
24 |
||||||
Қаратал |
8 |
8 |
||||||
Константинов |
23 |
23 |
||||||
Камсақты |
19 |
19 |
||||||
Лобанов |
14 |
14 |
||||||
Сырымбет |
20 |
20 |
||||||
Украин |
21 |
21 |
||||||
Нижнеборлық |
6 |
6 |
||||||
Барлығы |
350 |
50 |
50 |
50 |
50 |
50 |
50 |
50 |
кестенің жалғасы
Адам |
Комиссияны өткізу күні |
||||||
01.10. |
02.10. |
03.10. |
04.10. |
05.10. |
08.10. |
09.10.12 |
|
35 |
35 |
||||||
31 |
1 |
30 |
|||||
70 |
21 |
11 |
8 |
30 |
|||
14 |
14 |
||||||
13 |
13 |
||||||
17 |
17 |
||||||
31 |
31 |
||||||
24 |
24 |
||||||
9 |
9 |
||||||
23 |
1 |
20 |
2 |
||||
19 |
19 |
||||||
14 |
14 |
||||||
20 |
20 |
||||||
21 |
1 |
20 |
|||||
9 |
9 |
||||||
350 |
50 |
50 |
50 |
50 |
50 |
50 |
50 |
Ескерту: Шақыру комиссиясынан өтпеген азаматтар бойынша шақыру комиссияның отырысы апта сайын жұма күндерінде көктемгі шақыру 2012 жылғы 30.06 дейін, күзгі шақыру – 2012 жылғы 30.12 дейін өткізілуі керек.