Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 12.04.2013 N 02-07-01-20/44 хаты)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, 18-бабына сәйкес, Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қызылжар ауданының елді мекендеріне 2012 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына, тұрғын үй алу немесе салу үшін, маманның өтінішінде көрсетілген, өтініш берген сәтінде, бір мың бес жүз еселік айлық есеп көрсеткішінен аспайтын бюджеттік несие түрінде ұсынылсын.
2. Қызылжар ауданының селолық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы өтiнiш беру кезiне жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы берiлсiн.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
А. Рамазанов А. Молдахметова
КЕЛIСIЛГЕН:
«Қызылжар ауданының
ауыл шаруашылық және
ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк
мекемесiнiң бастығы Ө. Омаров
«Қызылжар аудандық
экономика және бюджеттiк
жоспарлау бөлiмi»
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы А.Фролова