Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 25.02.2019 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4-тармақшына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес және Тепличное ауылының тұрғындарының пікірлерін есепке ала отыра, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылының көшелеріне қосымшаға сәйкес атаулар берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Қызылжар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуге алынған күннен өз күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 24 шешіміне қосымша |
Тепличное ауылының көшелерінің атаулары
Бірінші көше- Нұрлыжол көшесі
Екінші көше- Самал көшесі
Үшінші көше- Орман көшесі
Төртінші көше- Аққайың көшесі
Бесінші қөше- Дінмұхамед Қонаев көшесі
Алтыншы көше- Көкбайрақ көшесі
Жетінші көше- Қаражорға көшесі
Сегізінші көше- Саяхат көшесі
Тоғызыншы көше- Барқыт көшесі
Оныншы көше- Пионер көшесі
Он бірінші көше- Барыс көшесі
Он екінші көше- Ақшатыр көшесі
Он үшінші көше - Ұлан көшесі
Он төртінші көше- Жұлдыз көшесі