Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 20.08.2014 N 462 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28 бабы 4, 6-тармақтарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайлау комиссиясымен бірлесіп № 2 сайлау округі бойынша шыққандардың орнына Тайынша аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлердің үгіттік материалдарын орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.
2. Сайлау комиссиясымен бірлесіп № 2 сайлау округі бойынша шыққандардың орнына Тайынша аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлерді сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін Тайынша ауданы аумағында шарттық негізінде 2-қосымшаға сәйкес үй-жайлар ұсынылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
И. Турков |
Тайынша ауданы әкімдігінің |
Тайынша аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындардың тізбесі
р/с |
Елді мекеннің атауы |
Үгіттік материалдарды орналастыруға арналған орындар |
1 |
Тайынша қаласы |
Тайынша қаласы № 3 орталау мектеп ғимаратындағы ақпараттық стенд |
2 |
Тайынша қаласы |
Тайынша қаласы № 4 орталау мектеп ғимаратындағы ақпараттық стенд |
Тайынша ауданы әкімдігінің |
Тайынша аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлерді сайлаушылармен кездесулер өткізуге арналған үй-жайлары
р/с |
Елді мекеннің атауы |
Кездесулер өткізетін орындар |
1. |
Тайынша қаласы |
Аудандық мәдениет үйі |