Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 24.05.2013 N 233 қаулысымен
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 1059 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тайынша ауданы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 тамыздағы № 527 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 13-11-242 Мемлекеттік тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 14 қыркүйектегі «Тайынша таңы» № 44 және 2012 жылғы 14 қыркүйектегі «Тайыншинские вести» № 44 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «18 жасқа дейiнгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.»;
5) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының әкімі И. Турков