"Тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы" Тайынша аудандық мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы N 182 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 қарашадағы N 57 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 желтоқсанда N 1983 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 30 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 28.10.2016 № 30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабы 2-тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Тайынша аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы" Тайынша аудандық мәслихатының 2010 жылғы 08 ақпандағы № 182 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 18 наурыздағы № 13-11-172 тіркелген, "Тайынша Таңы" 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 16, "Тайыншинские вести" 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 16 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      осы шешімге қосымша жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А. Рафальский
      Тайынша аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ. Шәріпов
      КЕЛІСІЛДІ:
"Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2012 жыл 5 қараша
Ю. Солунина
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының
экономика және қаржы
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2012 жыл 5 қараша
Б. Сәрсембаев
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының
тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар
көлігі және автомобильдік
жолдар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2012 жыл 5 қараша
М. Баймағамбетов

  Тайынша аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 5 қарашадағы № 57 шешіміне қосымша
  Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тайынша ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      2. Тайынша ауданының аумағында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын
      төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.
      3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматтың) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң қатынасы отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне Есіл ауданының тұрғындары үшін 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті орган "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып айқындалды.
      5. Жеке меншiгiнде бiрден артық тұрғын үйі (пәтерi, үйі) бар отбасылар, немесе тұрғын үйдi немесе автокөлік нысандарын жалға берушiлер тұрғын үй көмегiн алуға құқығын жоғалтады.
      6. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағы бір адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метрден аспайтын мөлшерде қабылданады.
      Барлық санаттағы мүгедектердi және стационарлық емделуде бiр айдан астам уақыт кезеңiнде болатын адамдарды, күндiзгi оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттердi, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейiнгi мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген жұмыссыздарға, уәкiлеттi органдар ұсынған жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасудан, кәсiби даярлаудан, қайта даярлаудан, бiлiктiлiгiн арттырудан дәлелсiз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздардың отбасына тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
      Жұмыссыз адам жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсiби даярлауға, қайта даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға жiберiлген күннен бастап, оның отбасына тұрғын үй көмегі қайта қалпына келтіріледі.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) (бұдан әрi - өтiнiш берушi) тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) өтініш береді және мынадай құжаттар ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.
      8. Құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады. Жауапты тұлға құжаттарды қабылдаған сәтте ұсынылған көшiрмелердi құжаттардың түпнұсқасымен салыстырады және салыстыруды өткiзгеннен соң түпнұсқаларды қайтарады.
      9. Ұсынылған құжаттарды қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк он күннiң iшiнде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тартқандығы туралы хабарлау қабылдайды да, өтініш берушіге жазбаша түрде хабар береді.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу

      10. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" (№ 7412 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) № 471 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

4. Қаржыландыру және төлеу

      11. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру ауданның бюджетінде тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      12. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелері арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

О внесении изменений в решение Тайыншынского районного маслихата от 8 февраля 2010 года № 182 "Об утверждении правил оказания жилищной помощи"

Решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 5 ноября 2012 года N 57. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 7 декабря 2012 года N 1983. Утратило силу решением маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 28 октября 2016 года № 30

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 28.10.2016 № 30 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Тайыншинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Тайыншинского районного маслихата "Об утверждении правил оказания жилищной помощи" от 8 февраля 2010 года № 182 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13-11-172 от 18 марта 2010 года, опубликованных в газетах от 16 апреля 2010 года "Тайынша-Таңы" № 16, от 16 апреля 2010 года "Тайыншинские вести" № 16) следующие изменения:
      приложение к указанному решению изложить в новой редакции.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии А. Рафальский
      Секретарь Тайыншинского
районного маслихата
К. Шарипов
      СОГЛАСОВАНО:
Начальник
Государственного учреждения
"Отдел занятости и
социальных программ
Тайыншинского района
Северо- Казахстанской области"
5 ноября 2012 года
Ю. Солунина
      Государственное учреждение
"Отдел экономики и финансов"
5 ноября 2012 года
Б. Сарсембаев
      Государственное учреждение
"Отдел жилищно- коммунального
хозяйства, пассажирского
транспорта и автомобильных
дорог"
5 ноября 2012 года
М. Баймагамбетов

  Приложение к решению Тайыншинского районного маслихата от 05 ноября 2012 года № 57
  Утверждены решением маслихата от 8 февраля 2010 года № 182

Правила оказания жилищной помощи 1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим на территории Тайыншинского района на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      4) стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      2. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), а также счету на оплату стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного счетчика электрической энергии с классом точности 2,5, находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим на территории Тайыншинского района.
      3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.
      Доля предельно-допустимых расходов является отношение предельно–допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) для жителей Тайыншинского района устанавливается в размере 10 процентов.
      4. Уполномоченным органом по назначению жилищной помощи определено государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Тайыншинского района Северо-Казахстанской области".
      5. Лица, имеющие в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения или транспортные средства в наем (аренду), утрачивают право на получение жилищной помощи.
      6. Площадь жилья, обеспечиваемая компенсационными мерами принимается в размере 18 квадратных метров на человека, для одиноко проживающих граждан не более 30 квадратных метров.
      Жилищная помощь не назначается семьям безработным, не зарегистрированных в службе занятости в качестве безработных, отказавшихся без уважительных причин от предложенной работы, в том числе на социальные рабочие места и общественные работы, от профобучения и переобучения, повышения квалификации, за исключением инвалидов всех групп и граждан находящихся на стационарном лечении более одного месяца, учащихся, студентов, слушателей, курсантов и магистрантов учебных заведений дневной формы, а также лиц, осуществляющих уход за инвалидами первой и второй группы, детьми-инвалидами до 18 лет, лицами старше восьмидесяти лет и детей до 7 лет.
      Жилищная помощь восстанавливается семье безработного со дня его трудоустройства, в том числе на социальное рабочее место или общественную работу, направления на профессиональную подготовку, переподготовку, повышение квалификации.

2. Порядок оказания жилищной помощи

      7. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) (далее – заявитель) обращается в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи (далее - уполномоченный орган) представляет следующие документы:
      1) копию документа, удостоверяющего личность заявителя;
      2) копию правоустанавливающего документа на жилище;
      3) копию книги регистрации граждан;
      4) документы, подтверждающие доходы семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений;
      5) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);
      6) счета на потребление коммунальных услуг;
      7) квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;
      8) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом;
      9) квитанцию – счет стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      8. Документы предоставляются в копиях и подлинниках. Ответственное лицо в момент приема документов сверяет предоставленные копии с подлинниками документов и возвращает подлинники сразу же после проведения сверки.
      9. По результатам рассмотрения представленных документов уполномоченный орган в течение десяти календарных дней с момента сдачи документов заявителем выдает уведомление о назначении жилищной помощи на бумажном носителе, либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении государственной услуги на бумажном носителе.

3. Исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи

      10. Совокупный доход семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, исчисляется уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи на основании приказа Председателя Агенства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно–коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7412).

4. Финансирование и выплата

      11. Финансирование выплат жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год.
      12. Выплата жилищной помощи осуществляется через отделения банков второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей.