Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 22.05.2013 N 128 қаулысымен
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары А.Т. Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Қасенов
Тимирязев ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 258
қаулысымен бекітілді
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет Регламентінде (бұдан әрі - регламент) келесі ұғымдар қолданылады:
1) ауылдық аумақтарды дамыту жөнiндегi уәкілетті орган – «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
2) бюджеттік кредит - «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгілеген мөлшерде тұрғын үй алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі тұтынушыларды әлеуметтік қолдау шарасы (бұдан әрі - Қаулы).
3) көтерме жәрдемақы - Қаулымен белгілеген мөлшерде бір реттік ақшалай төлем түріндегі тұтынушыларды әлеуметтік қолдау шарасы;
4) сенімді (агент) - аудан әкімінің атынан және оның тапсырмасы бойынша тұтынушыларға берілетін бюджеттік кредиттерді қамтамасыз ету бойынша қызметтерді атқаратын қаржы агенті.
5) тұрақты жұмыс істейтін комиссия – аудандық мәслихат депутаттарынан, ауданның атқарушы органдары мен қоғамдық ұйымдары өкілдерінен тұратын тұтынушыларға әлеуметтік қолдау шарасын көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін әкімдікпен құрылатын алқалық орган;
2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Мемлекеттік қызмет осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мекенжай бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 8-тармағының, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысы, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 51 қаулысының негізінде көрсетіледі.
7. Көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
8. Мемлекеттік қызмет ауылдық елді-мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына: қалаларда және өзге де елді мекендерде тұрып жатқан және ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға тілек білдірген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандықтары бойынша жоғары және жоғарыдан кейінгі, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне, сондай-ақ көрсетілген білімі бар мамандарға (бұдан әрі - тұтынушылар) ұсынылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілерін осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті www.tm.sko.kz интернет – ресурстарында және де мемлекеттік қызмет көрсету орындарында уәкілетті органның стенділерінде алуға болады.
10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері, кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, 13-00-ден 14-00 сағатқа дейінгі түскі үзіліспен, 9-00-ден 18-00 сағатқа дейін көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету орындары күту залы ақпараттық стенділермен, құжаттарды толтыру үлгілері бар тағандармен жабдықталады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) осы регламенттің 13-тармағында белгіленген қажетті құжаттар тұтынушымен тапсырылған сәттен бастап:
күнтізбелік отыз тоғыз күн ішінде көтерме жәрдемақы төленеді;
күнтізбелік отыз екі күн ішінде осы регламенттің 2-қосымшасын сәйкес нысан бойынша Келісім жасасу рәсімі жүзеге асырады және Келісім жасалғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде тұрғын үй сатып алуға немесе салу үшін бюджеттік кредит ұсынылады;
әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган тұтынушыға дәлелді жауапты жолдайды;
2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің жол берілетін ең көп уақыты он минуттан аспайды;
3) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты отыз минуттан аспайды.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы уәкілетті органға ұсынады:
1) осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жаңа жұмыс орны бойынша кадрлық қызметпен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
4) азаматтарды тіркеу кітапшасының (үй кітапшасы) көшірмесі немесе тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтама;
5) білімі туралы дипломның көшірмесі;
6) салық төлеушінің тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
7) жеке әлеуметтік кодты беру туралы куәліктің көшірмесі;
8) жылжымайтын мүлікті бағалау актісі (кредит алу үшін);
9) тұрғын үй салу үшін ұсынылған жер телімін пайдалану құқығына акті;
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен және көшірмелерімен беріледі, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға өтініш берген күні қайтарылады.
14. Өтініш бланкісі уәкілетті органның жауапты тұлғасымен беріледі.
15. Тұтынушымен толтырылған өтініш және мемлекеттік қызмет алу үшін талап етілетін қоса берілетін құжаттар уәкілетті органның жауапты маманына тапсырылады.
16. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет алу үшін барлық қажетті құжаттарды тұтынушының тапсырғандығын растайтын және онымен әлеуметтік қолдау шараларын алу күні көрсетілетін қолхат беріледі.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тұтынушыға байланыс телефоны бойынша не уәкілетті органға өзі барған кезде хабарланады.
18. Бас тартуға негіздеме осы регламенттің 13-тармағында көрсетілген күмәнді құжаттарды беру дерегі болып табылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттестік) тәртібінің сипаттамасы
19. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтініш алған мерзімнен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін беруге дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) тұтынушы уәкілетті органға өтініш береді және қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесін тапсырады;
2) уәкілетті органның жауапты маманы өтінішті қабылдайды, журналға тіркейді, тұтынушыға олармен әлеуметтік қолдау шараларын алу күнінен тұратын қолхат береді және уәкілетті органның басшысына тапсырады;
3) уәкілетті органның басшысы келіп түскен құжаттармен танысуды жүзеге асырады және жауапты орындаушыға жолдайды;
4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын, ұсынылған құжаттардың сенімділігін (күмәнді құжаттарды тапсырған жағдайда үш жұмыс күні ішінде тұтынушыға бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі) тексереді, қаржы қаражатының қажеттілігіне есеп жүргізеді және құжатты қабылдаған күннен бес күнтізбелік күн ішінде тұрақты жұмыс істейтін комиссияға (бұдан әрі - комиссия) қарауға жолдайды;
5) комиссия уәкілетті органнан құжаттар келіп түскен күннен он күнтізбелік күн ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және әлеуметтік қолдау көрсету шараларын беру туралы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігіне ұсынады (бұдан әрі- аудан әкімдігі);
6) аудан әкімдігі комиссияның ұсынысы келіп түскен сәттен он күнтізбелік күн ішінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы қаулы қабылдайды;
7) қаулыны қабылдағаннан кейін жеті күнтізбелік күн ішінде басшысы тұлғасында уәкілетті органмен, тұтынушы және сенімді (агент) арасында әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы Келісім жасалады;
8) Келісім жасағаннан кейін:
1) уәкілетті орган жеті күнтізбелік күн ішінде көтерме жәрдемақы сомасын тұтынушылардың жеке есеп шотына аударады;
2) сенімді (агент) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте отыз жұмыс күні ішінде тұтынушыға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит береді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі құрылымдық–функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі – ҚФБ):
1) уәкілетті органның жауапты маманы;
2) уәкілетті органның басшысы;
3) уәкілетті органның жауапты орындаушысы;
4) тұрақты жұмыс істейтін комиссия;
5) аудан әкімдігі;
6) сенімді (агент);
21. Әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (үдерістерінің) бірізділігі мен өзара әрекетін мәтіндік кестелік сипаттау әр әкімшілік әрекеттің (процедураның) орындалу мерзімін көрсетумен осы регламенттің 4-қосымшасында келтірілген.
22. Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің қисынды бірізділігі арасындағы өзара әрекетті көрсететін сызба осы регламенттің 5-қосымшасында келтірілген.
5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
23. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын уәкілетті органның басшысы және уәкілетті органның лауазымды тұлғалар, тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелері (бұдан әрі – лауазымды тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.
Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметті сапалы және тиімді көрсетуге, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртібінде белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға, мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы олармен қабылданатын шешімдерге және әрекеттерге (әрекетсіздік) жауап береді.
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және
тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын
ұсыну» мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша уәкілетті орган
Уәкілетті органның атауы |
Заңды мекенжайы |
Жұмыс кестесі |
Байланыс телефоны |
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
151100, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы, Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, үй 1 |
Күн сайын сағат 9.00-ден бастап, 18.00-ге дейін 13.00-14.00 түскі үзіліс, демалыс- |
8-(71537)-2-15-33, 2-17-96 |
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және
тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын
ұсыну» мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымша
Ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы үлгi келiсiм
Елдi мекен _________ 20 ___ жылғы «__»_________________________
Бұдан әрі «Әкiмшi» деп аталатын «__________________» мемлекеттiк мекемесi атынан басшы ________________________________ бiр тараптан, бұдан әрi «Алушы» деп аталатын әлеуметтiк көмек алушы __________________________, басқа тараптан және бұдан әрi «Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)» деп аталатын _____________________________ үшiншi тараптан төмендегiлер туралы осы өзара мiндеттемелер келiсiмiн жасасты:
1. Келiсiмінің нысанасы.
Тараптар өзара жауапкершiлiктi және келiсiмдi ескере отырып, ешқандай тараптан мәжбүр етiлмей тараптар толық көлемде орындауы тиiс мiндеттемелер қабылдайды, атап айтқанда:
1) Әкiмшi, ________________________________ мәслихатының (20 ___ жылғы «__»_______ №_____) шешiмiнiң негiзiнде өзiне мынадай түрдегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мiндеттемелерін қабылдайды:
__________________________________________________________ теңге мөлшерiнде көтерме жәрдемақы;
___ жыл мерзiмге _________________________________________ теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит.
2) Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде елдi мекенiнде орналасқан ______________ (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ветеринария) ұйымында кемiнде бес жыл уақыт қызмет
iстеуге мiндеттеме қабылдайды.
3) Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) өзiне тапсырма шарты негiзiнде әкiмшiнiң атынан және оның есебiнен және оның нұсқауына сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындауға мiндеттеме қабылдайды.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi
1). Әкiмшi:
алушыдан осы Келiсiмге сәйкес өзiне алған мiндеттемелердi адал және тиiсiнше орындауды талап етуге құқылы.
2) Әкiмшi:
аудан әкiмдiгiнiң қаулысы қабылданғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде және осы Келiсiм негiзiнде көтерме жәрдемақысының тағайындалған сомасын алушының жеке есеп шотына аударуға мiндеттi.
3. Алушының:
1) комиссияның жұмыс органының талабы бойынша қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ерiктi түрде таңдауға;
2) бес жыл мерзiм өткенге дейiн, өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасына байланысты басқа ауылдық елдi мекендерге жұмысқа ауысқан кезде алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.
4.Алушы:
1) Әлеуметтiк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күні iшiнде комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы туралы растау құжаттарын беруге;
2) меншiгiне сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқаларын осы Келiсiмдi кемiнде бес жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге;
3) жұмыс органына тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;
4) осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң(агент):
1) алушымен есеп айырысуды жүргiзуге;
2) алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргiзуге құқығы бар.
6. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент):
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджеттiк қызмет көрсетуге;
2) кредиттiк шарт бойынша әлеуметтiк қолдау шараларын алған маман мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзуге;
3)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алушылардан берешектi өндiрiп алуды жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Дауларды шешу.
1) Осы Келiсiмдi орындау кезiнде туындауы мүмкiн барлық мүшелелер мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiне қарай тараптардың арасында келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
2) Егер даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiлуге тиiс.
4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi
1) Осы Келiсiм тараптардың қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi. Келiсiмнiң қолданысы 20___ жылғы «__»____________ басталады.
2) Келiсiм бiрдей заң күшi бар үш данада жасалды.
5. Тараптардың заңды мекенжайлары
Әкiмшi Алушы Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)
_______ _________ ______________________________
_______ _________ ______________________________
_______ _________ ______________________________
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және
тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын
ұсыну» мемлекеттік қызмет регламентіне 3-қосымша
____________________ аудан
(облыстық маңызы бар қала)
___________________облыс әкімі
______________________________
Аты – жөні, тегі
______________________________
өтініш берушінің мекен жайы
______________________________
жұмыс орны, лауазымы
______________________________
тегі, аты, әкесінің аты
Өтініш
Сізден Келісім (қоса беріледі) шарттарында және мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеуге және/немесе тұрғын үй сатып алуға/ салуға бюджеттік кредит ресімдеуге құқығын беруді сұраймын.
____________ ____________
күні қолы
Құжаттар қабылданды.
20 ____жылғы «___» __________
____ ____________________________________________________
қолы құжатты қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә. (кесу сызығы)
Өзгерістен туындаған жағдайда 15 жұмыс күні ішінде олар туралы хабарлауға міндеттенемін. Жалған ақпараттар мен жасанды құжаттар бергені үшін жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде ескертілді.
20 ____жылғы «___» __________ __ дана қоса берілген құжаттар санымен ____________ азаматтың (азаматшаның) өтініші қабылданды.
____ ______________________________________________
қолы құжатты қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә.
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және
тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын
ұсыну» мемлекеттік қызмет регламентіне 4-қосымша
Әрбір ҚФЕ әкімшілік әрекеттердің (үдерістердің) бірізділігі мен өзара мәтіндік кестелік сипаттау
№ |
Негізгі үдеріс (жүріс, жұмыс ағыны) әрекеті |
|||||
әрекеттің № (жұмыстың барысы) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
ҚФБ атауы |
Уәкілетті органның жауапты маманы |
Уәкілетті органның басшысы |
Уәкілетті органның жауапты орындаушы |
Тұрақты жұмыс істейтін комиссия |
Аудан әкімдігі |
2 |
Әрекеттің атауы (про |
өтінішті қабылдай |
тұтынушы |
Құжаттар |
Ұсыныл |
Әлеумет |
3 |
Аяқтау нысаны деректер, құжат, ұйымдастырушылық - өкімдік шешім) |
қолхат |
Келіп түскен құжаттарды жауапты орындаушы |
Бас тарту туралы дәлелді жауап не құжаттар |
Ұсыныс |
Аудан |
4 |
Орындалу мерзімдері |
30 минуттан аспайды |
1 жұмыс күн ішінде |
Бас тартылған жағдайда 3 жұмыс күні ішінде тұ |
10 күн |
10 күн |
5 |
Келесі іс- |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Негізгі үдеріс (жүріс, жұмыс ағыны) әрекеті |
|||
әрекеттің № (жұмыстың барысы) |
6 |
7 |
|
Келісім жасағаннан кейін |
|||
ҚФБ атауы |
басшысы тұлғасында уәкілетті органмен, тұтынушы және сенімді тұлға (агент) |
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы |
Сенімді тұлға (агент) |
Әрекеттің атауы (процестің, рәсімнің, операцияның) олардың сипаттамасы |
Әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы Келісім жасау |
Тұтынушының жеке есеп шотына көтерме жәрдемақы сомасын аудару |
Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте тұтынушыға тұрғын үй сатып алуға және салуға бюджеттік кредит беру |
Аяқтау нысаны і (деректер, құжат, ұйым |
Келісім |
Төлем тапсырмасы |
Қарыз немесе жалға беру келісім шарты |
Орындалу мерзімдері |
7 күнтізбе |
7 күнтізбелік күн ішінде |
30 жұмыс күні ішінде |
Келесі іс-әрекеттің нөмірі |
7 |
Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
1 топ ҚФБ |
2 топ ҚФБ |
3 топ ҚФБ |
4 топ ҚФБ |
5 топ ҚФБ |
6 топ ҚФБ |
№ 1 әрекет |
№ 2 әрекет |
№ 3 әрекет Құжаттар |
№ 4 әрекет |
№ 5 әрекет |
|
№ 6 әрекет |
№ 7 әрекет |
№ 8 әрекет |
Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
1 топ ҚФБ Уәкілетті органның жауапты маманы |
2 топ ҚФБ |
3 топ ҚФБ |
№ 1 әрекет |
№ 2 әрекет |
№ 3 әрекет Құжаттарды толықтығын, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру, бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау және тұтынушыға жолдау |
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және
тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын
ұсыну» мемлекеттік қызмет регламентіне 5–қосымша