Ескерту. Күші жойылды - Атырау қалалық әкімдігінің 2013.01.31 № 47 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20–бабына сәйкес, Атырау қалалық Мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы ХХVII сессиясының № 316 "2012-2014 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешімі негізінде қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі санаттағы азаматтарға:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 100 000 (жүз мың) теңге;
2) "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға – 5000 (бес мың) теңге;
3) екінші дүние жүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 5000 (бес мың) теңге;
4) бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде), жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге және басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлерге – 5000 (бес мың) теңге;
5) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына - 5000 (бес мың) теңге;
6) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі – АЭС-і) апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына, сондай-ақ 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда – 5000 (бес мың) теңге;
7) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің қайталап некеге отырмаған зайыптарына (жұбайларына), Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға – 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін;
8) 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге – 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
9) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде.
Ескерту. 1-ші тармақ 8), 9) тармақшалармен толықтырылды - Атырау облысы қалалық әкімдігінің 2012.10.31 № 1784 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.С. Қарабаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 7 мамырда туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.
Қала әкімі А.А. Керімов