Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013.02.19 № 103 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына және аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 452-ХХХХІV"Ауданның 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Біржолғы әлеуметтік көмек келесі азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100000 ( жүз мың) теңге мөлшерінде;
2) "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
3) екінші дүние жүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
4) Ауған соғысының ұрыс-қимылдарына қатысушы әскери қызметшілерге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
5) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға, сондай-ақ 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
6) Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардабынан мүгедек болған адамдарға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
7) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
8) қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің зайып (жұбайларына) 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
9) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
10) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
11) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде.
2. "Құрманғазы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Иманғалиев) әлеуметтік көмекті төлеу бойынша уәкілетті орган болып аңықталсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Мұфтахқа тапсырылсын.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таралады.
Аудан әкімі А. Такешев