Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 182 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 22.04.2015 № 119 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1, 14-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2012 жылғы 7 ақпандағы № 4-14/275 ұсынысы негізінде, Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтаарал аудандары аумақтарында қауын шыбыны карантиндік объектісінің анықталуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтаарал, Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек аудандары аумақтарындағы ауыл шаруашылығы алқаптарына карантиндік тәртіп енгізіле отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 22.04.2015 № 119 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтаарал, Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек аудандары әкімдері осы қаулының 1-тармағына сәйкес карантиндік объектілерді оқшаулау және жою жөніндегі карантиндік шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге жәрдем көрсетсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 22.04.2015 № 119 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Оспановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Мырзахметов |
Облыс әкімінің бірінші | |
Орынбасары | Б.Оспанов |
Облыс әкімі аппаратының | |
Басшысы | Б.Жылқышиев |
Облыс әкімінің орынбасары | Б.Әлиев |
Облыс әкімінің орынбасары | Ә.Бектаев |
Облыс әкімінің орынбасары | С.Қаныбеков |
Облыс әкімінің орынбасары | С.Тұяқбаев |
Облыстық экономика және | |
бюджеттік жоспарлау | Е.Садыр |
басқармасының бастығы | |
Облыстық қаржы | |
басқармасының бастығы | Р.Исаева |
Облыс әкімдігінің 2012 жылғы "27" сәуірдегі № 137 қаулысына қосымша |
Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтарал, Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек аудандары аумақтарындағы ауыл шаруашылығы алқаптарындағы карантиндік аймақ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 22.04.2015 № 119 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Қала және аудан атауы | Карантиндік объекті атауы | Көлемі, гектар |
1 | Арыс | қауын шыбыны | 545 |
2 | Түркістан | қауын шыбыны | 226 |
3 | Сарыағаш | қауын шыбыны | 400 |
4 | Отырар | қауын шыбыны | 514 |
5 | Шардара | қауын шыбыны | 421 |
6 | Мақтаарал | қауын шыбыны | 812 |
7 | Сайрам | жеміс ағаш күйігі | 5,3 |
8 | Ордабасы | қауын шыбыны | 85 |
9 | Бәйдібек | қауын шыбыны | 10 |
Жиыны | 3018,3 |