Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 02.04.2020 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 9 бабының 2 тармағына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің 2012 жылғы 15 маусымдағы хаттамалық шешіміне сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысында діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлар белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Оспановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мырзахметов |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 266 қаулысына қосымша |
Оңтүстік Қазақстан облысында діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлар
№ | Арнайы тұрақты үй-жайлардың атауы | Арнайы тұрақты үй-жайлардың мекен-жайлары | Арнайы тұрақты үй-жайдың аумағы (ш. метр) |
Түркістан қаласы | |||
1. | "Қасиет" дүкені | Тауке хан даңғылы, нөмірсіз үй | 50 |
2. | "Н.Төреқұлов" дүкені | Елубаев көшесі, нөмірсіз үй | 100 |
Шымкент қаласы | |||
3. | "Книготорг" ЖШС | Байтұрсынов көшесі, нөмірсіз үй | 189,3 |
4. | "Универмаг" сауда орны | Төлеби көшесі, нөмірсіз үй | 12 |
5. | "Көкжиек" дүкені | Байтұрсынов көшесі, № 16 үй | 6 |