Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің аппаратының 01.02.2013 № 6/12-494 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесiнiң 8-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және олардың қаржыландырудың көздерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсін.
2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.М.Нарымбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қала әкімі А.Жетпісбаев
Шымкент қаласы әкімдігінің
«01» ақпан 2012 жылғы
№ 98 қаулысымен бекітілген
2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері және қаржыландыру көздері
Р/с |
Ұйымдардың атауы |
Жылына қоғамдық қызметкерлерге сұраныс, адам |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері |
Қаржыландыру көздері |
1 |
«Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Құжаттарды дайындауға көмек көрсету және азаматтардан түскен арыз және өтініштер бойынша курьерлік жұмыс жасау – 25 000 құжат |
Қалалық бюджет |
2 |
«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің Абай ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
50 |
180 мың дана хабарлама тарату |
Қалалық бюджет |
3 |
«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
50 |
134 мың дана хабарлама тарату |
Қалалық бюджет |
4 |
«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
50 |
Әл-Фараби ауданы бойынша салықтандыру объектілерін тіркеуге, салық заңдары бойынша түсінік беретін семинарлар мен іс-шараларды ұйымдастыруға, құжаттарын дайындауға көмек беру – 32 000 салық төлеушілерге хабарлама тарату |
Қалалық бюджет |
5 |
«Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі |
106 |
Құжаттарды дайындауға көмек көрсету – 50 000 іс-құжат, курьерлік жұмыс жасау |
Қалалық бюджет |
6 |
Жеке қор «СодБи» |
60 |
Аймақтарды тазарту, көгалдандыру – 1 га., кәсіптік қызмет негіздері бойынша жұмыссыздарды оқыту, семинарлар өткізуді ұйымдастыру – 150 тренинг, ғимаратта тазалау жұмыстары – 1 250 шаршы метр, |
Қалалық бюджет |
7 |
«Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
400 |
Санитарлық-тазалық жұмыстары – 10 260 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
8 |
«Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
400 |
Аудан аумағын көріктендіру, көгаландыру, ирригацияларды тазартуда көмек көрсету – 9 800 шаршы метр, құжаттармен жұмыс жүргізу – 500 құжат |
Қалалық бюджет |
9 |
«Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
400 |
Санитарлық-тазалық жұмыстары – 16 235 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
10 |
«Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агентігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі |
7 |
Азаматтардан түскен өтініштер бойынша құжаттарымен жұмыс жасауға, құжаттарды жүйелендіру және тігу, компьютерлік базаға мәліметтерді енгізуге көмек беру – 40 000 құжат |
Қалалық бюджет |
11 |
«Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
8 |
Азаматтардан түскен өтініштер бойынша құжаттарымен жұмыс жасау, құжаттарды жүйелендіру және тігу, компьютерлік базаға мәліметтерді енгізуге көмек беру – 20 000 құжат |
Қалалық бюджет |
12 |
«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Құжаттарды дайындауға көмек көрсету және курьерлік жұмыс жасау – 50 000 құжат |
Қалалық бюджет |
13 |
«Шымкент қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
25 |
Құжаттарды дайындауға көмек көрсету – 30 000 құжат, курьерлік жұмыс жасау |
Қалалық бюджет |
14 |
«Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы |
4 |
Құжаттарды дайындауға көмек көрсету – 10 000 құжат, курьерлік жұмыс жасау |
Қалалық бюджет |
15 |
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі |
7 |
Азаматтардан келіп түскен арыз - шағымдарымен жұмыс жүргізу – 6000 арыз-шағымдар |
Қалалық бюджет |
16 |
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалы |
4 |
Өтініштер бойынша жұмыс жүргізу – 3500 өтініш, партиялық жұмыстарды ұйымдастыруда құжаттарды реттеу – 2500 құжат |
Қалалық бюджет |
17 |
«Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны |
80 |
Саябақ аумағын тазарту, көшеттер егу және қарау, жасыл желектерді суғару, қурағандардан тазарту - 180 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
18 |
Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының Абай аудандық полиция бөлімі |
250 |
«Консьерж-Сақшы» бағларламасы бойынша көмек көрсету, аймақтық полиция қызметкерлеріне көмек беру, жазасын өтеп шыққан азаматтармен жұмыс жасау, құқық бұзушылықты алдын алу жұмыстарын жүргізу – 602 көпқабатты үйлер, 22365 жеке үйлер, 840 мигрантарды тексеру. |
Қалалық бюджет |
19 |
Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі |
250 |
Консьерж-Сақшы» бағларламасы бойынша көмек көрсету, аймақтық полиция қызметкерлеріне көмек беру, жазасын өтеп шыққан азаматтармен жұмыс жасау, құқық бұзушылықты алдын алу жұмыстарын жүргізу - 800 көп қабатты үйлер, 23213 жеке үйлер, 730 мигранттарды тексеру |
Қалалық бюджет |
20 |
Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының Еңбекші аудандық полиция бөлімі |
238 |
Консьерж-Сақшы» бағларламасы бойынша көмек көрсету, аймақтық полиция қызметкерлеріне көмек беру, жазасын өтеп шыққан азаматтармен жұмыс жасау, құқық бұзушылықты алдын алу жұмыстарын жүргізу – 620 көп қабатты үйлер, 18 230 жеке үйлер, 520 мигранттарды тексеру |
Қалалық бюджет |
21 |
«Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
10 |
Ағымдағы және мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге көмек көрсету – 100 құжат |
Қалалық бюджет |
22 |
«Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
7 |
Қала аумағын көгалдандыру, көркейтуге және тазалауға көмек көрсету – 20 600 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
23 |
«Тұрғын үй» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
4 |
Аумақты тазалау және көгалдандыру – 240 205,5 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
24 |
«Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
2 |
Құжаттарды дайындауға көмек көрсету, курьерлік жұмыс жасау – 1500 құжат |
Қалалық бюджет |
25 |
«Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті Шымкент қаласының төтенше жағдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
4 |
Құжаттарды дайындауға және тіркеуге көмек көрсету, хаттамалар толтыру, азаматтардан түскен арыз-шағымдарды тіркеу бойынша жұмыс жасау - 3000 құжат, 1500 арыз-шағымдар |
Қалалық бюджет |
26 |
«Ару-аналар» Оңтүстік Қазақстан облыстық көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігі |
15 |
Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы көпбалалы аналармен жұмыс жасау, психологиялық көмек көрсету - 800 көпбалалы отбасылар |
Қалалық бюджет |
27 |
Жеке кәсіпкер «Биналиев Г.А.» «ЖЭУ-6» |
24 |
Көгалдандыру және аулаларды тазалау – 159900 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
28 |
Жеке кәсіпкер «Манкентбаев Ауесхан» |
15 |
Көгалдандыру және аулаларды тазалау - 340201,5 шаршы метр |
Қалалық бюджет |
29 |
«ЖҚТБ-нен балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қоры |
25 |
В-20 диагнозына шалдыққан балалардың отбасыларына әлеуметтік, моральдық, құқықтық және психологиялық көмек көрсету - 200 отбасы |
Қалалық бюджет |
30 |
«Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аграрлық өнеркәсіп кешенінің бастауыш филиалы |
2 |
Мүгедек ардагерлерге үйлерінде күтім жасау, азық-түлік пен дәрі-дәрмектерін жеткізу, құжаттарын дайындауға көмек беру – 110 ардагер |
Қалалық бюджет |
31 |
«Оңтүстік Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» Ассоциациясы» заңды тұлғалардың бірлестігі |
10 |
Құжаттарды рәсімдеу, ғылыми конференцияларды, дөнгелек үстелдерді және брифинг өткізуде дайындық жұмыстарын ұйымдастыру - 1500 іс-құжаттар, 60 жиындар |
Қалалық бюджет |
32 |
«Этноаралық мәдений орталығы» қоғамдық бірлестігі |
10 |
Құжаттарды рәсімдеу, ғылыми конференцияларды, дөнгелек үстелдерді және брифинг өткізуде дайындық жұмыстарын ұйымдастыру - 1000 іс –құжаттар, 50 жиындар |
Қалалық бюджет |
33 |
«Шымкент қаласының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Азаматтардан түскен өтініштер, құжаттарымен жұмыс жасау, құжаттарды жүйелендіру және тігу, компьютерлік базаға мәліметтерді енгізуге көмек беру – 15000 құжат |
Қалалық бюджет |
Барлығы |
2577 |
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.