Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімінің 2012.07.02 № 20 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Арыс қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. 2012 жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Арыс қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесiне тiркеу 2012 жылдың қаңтар-наурызында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
2. Ауылдық округтердің әкiмдерi Арыс қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесiне тiркеудi өткiзу кезеңiнде шақырылушыларды хабардар етудi ұйымдастырсын және олардың дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн.
3. Меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына ұсынылсын:
1) тiркелуге жататын азаматтарды ауданның шақыру учаскесiне шақыру жөнiнде хабарлау және шақыру бойынша уақытында келуiн қамтамасыз ету;
2) әскерге шақыру жасына дейiнгiлердi әскери есепке қоюға байланысты мiндеттердi орындау үшiн қажеттi уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметi сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
4. "Арыс аудандық емханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының бас дәрiгерi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзу ережелерiнде айқындалған тәртiппен медициналық комиссиядан өткiзу ұсынылсын.
5. "Арыс ауданының iшкi iстер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келiсiм бойынша) 2012 жылдың 1 сәуірінен кейін дәлелді себептерсіз әскери есепке қоюдан жалтарған әскерге шақыру жасына дейiнгілерді iздестiрудi және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсiн.
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қала әкімі | Қ.Сыдықов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Арыс қаласының қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы
_____________________________Исаев Бағдатхан Төребайұлы
16 қаңтар 2012 жыл
"Арыс ауданының ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________________________Битурсынов Бахадур Шәмшидинұлы
16 қаңтар 2012 жыл
"Арыс аудандық емханасы"
мемлекеттiк коммуналдық
қазыналық кәсiпорнының
бас дәрiгерi
_____________________________Серікбаев Марат Қойбағарұлы
16 қаңтар 2012 жыл