Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2012.06.13 N 4/28-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТI:
1. Арыс қаласында иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау Қағидасы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Е.Сарбасов
Қалалық мәслихат хатшысы Қ.Баймурзаев
Арыс қалалық мәслихатының
14 наурыз 2012 жылғы
№ 2/16-V шешімімен бекітілген
Арыс қаласында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Арыс қаласында иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау Қағидасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес әзiрленген және Арыс қаласында иттер мен мысықтарды күтiп-ұстау тәртібін белгілейді.
2. Иттер мен мысықтарды күтіп ұстау тәртiбi
2. Иттер және мысықтар жеке ветеринарлық төлқұжатын беру жолымен сәйкестендiрiледi.
3. Иттер мен мысықтарды беру, сату, сатып алу, сонымен қатар аудан аумағынан тысқары шығару, кiргiзу иттер мен мысықтардың «құтыруға қарсы егiлген» белгiсi бар ветеринариялық төлқұжаты болған жағдайда рұқсат етiледi.
4. Мыналарға рұқсат етiлмейдi:
1) тiркелмеген (есепке алынбаған) және ветеринарлық егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;
2) иттер мен мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң аулаларында, балалар ойнайтын, көпшiлiк шаралар өткiзiлетiн алаңдарда серуендетуге;
3) иттердi тұмылдырықсыз және ұзын шылбырда серуендетуге;
4) мас күйiндегi адамдар мен 14 жасқа толмаған жасөспiрiмдерге иттердi серуендетуге;
5) адамдардың шомылуына арналған орындарда, су бұрқақтарда және су алу орындарында иттер мен мысықтарды шомылдыруға;
6) тұрғын үй қоры пәтерлерiнде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлерi үшiн паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға;
7) иттердi және мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң және жатақханалардың ортақ пайдаланатын орындарына ұстауға.
5. Адамдарды немесе жануарларды тiстеген иттер және мысықтар тез арада оқшауланып, бақылау жасау үшiн жақын маңдағы ветеринариялық емдеу мекемесiне жеткiзiледi.
6. Иттердi және мысықтарды ұстау ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
7. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Қағиданың талаптарын орындаған жағдайда мыналарға:
1) бiрнеше жанұялар тұратын тұрғын жайда (коммуналдық пәтерлерде), тек өзiнiң тұрғын жайында барлық пәтерде тұрушылардың жазбаша келiсiмi бойынша көршiлердiң дәрiгерлiк керi көрсеткiшi (ұшыну) болмаса ит пен мысықты тұратын тұрғын жайда ұстауға;
2) иттердi тұмылдырықсыз және шылбырсыз елдi мекендерден тыс жерлерде, мал табындары мен отарларда бос ұстауға рұқсат берiледi.
3. Қорытынды ережелер
8. Осы Қағиданы бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгiленедi.