Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының 04.02.2013 № 160 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері мен көлемдері, қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: Р.Жолдас
Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 26 қаңтардағы
№ 14 қаулысымен бекітілген
2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері мен көлемдері, қаржыландыру көздері
Р/с |
Мекеменің атауы |
Адам саны |
Жұмыстардың түрлері |
Айлық жалақы |
Көлемі |
1 |
Ауыл округі әкімдері аппараттары, Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
50 |
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу |
17439 |
1 ай |
2 |
Ауыл округі әкімдері аппараттары, Бәйдібек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
208 |
Аймақты экологиялық сауықтыруға, көріктендіруге қатысу |
17439 |
1 ай |
3 |
Ауыл округі әкімдері аппараттары, Бәйдібек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
12 |
Аймақты экологиялық сауықтыруға, көріктендіруге қатысу |
8814 |
16 күн |
4 |
Ауыл округі әкімдері аппараттары, Бәйдібек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
180 |
Аулаларды көгалдандыру, ағаш отырғызу |
17439 |
1 ай |
5 |
Ауыл округі әкімдері аппараттары |
15 |
Әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу |
17439 |
1 ай |
6 |
Ауыл округі әкімдері аппараттары |
35 |
Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесу |
17439 |
1 ай |
Барлығы |
500 |