Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 219 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 12 маусымда № 14-5-132 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 08.04.2015 № 260 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi белгiленсiн: елді мекендер аумақтарын көрiктендiру және тазалау.
      2. Қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаға сотталған тұлғалардың жазаны өтеу орны: «Бәйдібек су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны және «Шаян Қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айқындалсын.
      3. Ауыл округтерінің әкімдері Бәйдібек аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының келiсiмiмен қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаны өтеуге арналған объектiлердiң тізімдерін соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбековке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Р.Жолдас 

Об определении видов общественных работ для лиц, осужденных к отбыванию наказания в виде привлечения к общественным работам

Постановление Байдибекского районного акимата Южно-Казахстанской области от 28 мая 2012 года № 219. Зарегистрировано Управлением юстиции Байдибекского района Южно-Казахстанской области 12 июня 2012 года № 14-5-132. Утратило силу постановлением акимата Байдибекского района Южно-Казахстанской области от 8 апреля 2015 года № 260

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Байдибекского района Южно-Казахстанской области от 08.04.2015 № 260.

      В соответствии пункта 1 статьи 42 Уголовного кодекса Республики Казахстан от 16 июля 1997 года, пунктом 1 статьи 30 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 13 декабря 1997 года и пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Байдибекского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить виды общественных работ для лиц, осужденных к отбыванию наказания в виде привлечения к общественным работам: благоустройство и уборка территорий населенных пунктов.
      2. Место для отбывания осужденными наказания в виде привлечения к общественным работам: государственное коммунальное предприятие «Бәйдібек-су» и товарищество с ограниченной ответственностью «Шаян Қызмет».
      3. Акимам сельских округов по согласованию с уголовно-исполнительной инспекцией Байдибекского района ежеквартально представлять в суды списки объектов для отбывания осужденными наказания в виде привлечения к общественным работам.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Н.Айтбекова.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Р.Жолдас