Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 01.02.2013 № 16 хатымен).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2 тармағына сәйкес және аудан әкімі 2012 жылғы 29 ақпанда мәлімдеген мамандарға қажеттілікті ескере отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазығұрт ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2012 жылы бір маманға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Ж.Қарабеков
Аудандық мәслихат хатшысы М.Момынов