Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 9/62-V Шешімімен.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңының 1-бабының 37-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Отырар ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Отырар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 18/117-ІV «Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын және базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талон құнының мөлшері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-9-85 санымен тіркелген, «Отырар алқабы» газетінің 2009 жылғы 5 маусымдағы № 46-47 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында:
«құнының» деген сөз алынып тасталсын;
«жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармағында:
«жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы О.Қылышбай
Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Зулпыхаров