Қоғамдық жұмысқа тартуға сотты болған азаматтар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерiн бекiту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 шілдедегі N 265 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 24 тамызда N 14-9-162 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 20 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар  ауданы әкімдігінің 09.02.2015 № 20 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 30-бабының 1-тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағы негiзiнде, Отырар ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi белгiленсiн: елдi мекендер аумақтарын көрiктендiру және тазалау.
      2. Қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаға сотталғандармен жазаны өтеу орны: Отырар ауданы әкімдігі Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Отырар-Көгалдандыру» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
      3. Ауыл округтерiнiң әкiмдерi Отырар аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының келiсiмiмен қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаны өтеуге арналған объектiлердiң тiзiмдерiн соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Ж.Асылбекке жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi                                Б.Сыздықов


Об определении видов общественных работ для привлечения граждан, осужденных на привлечение к общественным работам

Постановление акимата Отрарского района Южно-Казахстанской области от 25 июля 2012 года № 265. Зарегистрировано Управлением юстиции Отрарского района Южно-Казахстанской области 24 августа 2012 года № 14-9-162. Утратило силу постановлением акимата Отрарского района Южно-Казахстанской области от 9 февраля 2015 года № 20

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Отрарского района Южно-Казахстанской области от 09.02.2015 № 20.

      На основании пункта 1 статьи 42 Уголовного кодекса Республики Казахстан от 16 июля 1997 года, пункта 1 статьи 30 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 13 декабря 1997 года, пункта 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», акимат Отрарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить виды общественных работ для осужденных, привлеченных к общественным работам в виде наказания: благоустройство и уборка территорий населенных пунктов.
      2. Место для отбывания осужденными наказания в виде привлечения к общественным работам: Государственное коммунальное предприятие «Отырар-Көгалдандыру» отдела жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Отрарского района акимата Отрарского района.
      3. Акимам сельских округов по согласованию с уголовно-исполнительной инспекцией Отрарского района ежеквартально представлять в суды списки объектов для отбывания осужденными наказания в виде привлечения к общественным работам.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Ж.Асылбека.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Б.Сыздыков