Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімі аппаратының 04.02.2013 № 397 хатымен).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" қаулысына сәйкес Сайрам ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Сайрам ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылғы 1 наурыздан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.Сапарбаевқа жүктелсiн.
Аудан әкімі У.Қайназаров
Сайрам ауданы әкімдігінің
15 наурыз 2012 жылғы
№ 290 қаулысына қосымша
Сайрам ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы мерзімдері
№ |
Дақыл түрі |
Егістіктің оңтайлы мерзімдері |
Ескертпе |
1 |
Күздік бидай |
01.10.2011 ж. - 10.12.2011 ж. |
Тәлімі және суармалы жер |
2 |
Майлы дақылдар |
01.03.2012 ж. – 01.05.2012 ж. |
Тәлімі және суармалы жер |
3 |
Жоңышқа |
20.03.2012 ж. - 01.05.2012 ж. |
Тәлімі және суармалы жер |
4 |
Жүгері |
20.04.2012 ж. – 15.06.2012 ж. |
Суармалы жер |
5 |
Көкөніс және бақша өнімдері |
10.03.2012 ж. – 25.06.2012 ж. |
Суармалы жер |
6 |
Картоп |
10.03.2012 ж. - 25.06.2012 ж. |
Суармалы жер |