Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 28.12.2012 № 181 хатымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына және аудан әкiмiнiң мәлiмдемесiне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТІ:
1. Төлеби ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, 2012 жылы бiр маманға жетпiс еселік айлық есептік көрсеткiшке тең сомада жәрдем ақы және тұрғын үй алу немесе салу үшiн бір мың бес жүз еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Т.Манкеев
Аудандық мәслихаттың хатшысы Ә.Шыңғысбаев