Түлкібас аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 маусымдағы № 5/8-05 "Түлкібас ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 қарашадағы № 9/2-05 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 қарашада № 2134 тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 сәуiрдегi № 13/2-06 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 14.04.2017 № 13/2-06 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2011 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1 тармағын 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Түлкібас ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" Түлкібас аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 маусымдағы № 5/8-05 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-172 нөмірмен тіркелген, 2012 жылғы 6 шілдедегі "Шамшырақ" № 54-55 газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Түлкібас ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Түлкібас ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жал ға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;

      4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.";

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";

      5 тармақ мына мазмұндағы 9) тармақшасымен толықтырылсын:

      "9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.";

      16 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1- ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";

      17 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есеп алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне ақы төлеу отбасының (адамның) жиынтық табысының 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының
      Төрағасы А.Құрманбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Сапаров

О внесении изменений и дополнений в решение Тюлькубасского районного маслихата от 11 июня 2012 года № 5/8-05 "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Тюлькубасского района"

Решение Тюлькубасского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 5 ноября 2012 года № 9/2-05. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 13 ноября 2012 года № 2134. Утратило силу решением Тюлькубасского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 14 апреля 2017 года № 13/2-06

      Сноска. Утратило силу решением Тюлькубасского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 14.04.2017 № 13/2-06 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Правилами предоставления жилищной помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 и Правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512, Тюлькубасский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Тюлькубасского районного маслихата от 11 июня 2012 года № 5/8-05 "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Тюлькубасского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14-14-172, опубликовано в газете "Шамшырак" № 54-55 от 6 июня 2012 года) следующие изменения и дополнения:
      в размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Тюлькубасского района, утвержденных указанным решением:
      пункт 2 изложить в новой редакции:
      "2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникации, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      4) стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяется как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.";
      пункт 3 изложить в новой редакции:
      "3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания), согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), а также счету на оплату стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетам и контролем расхода электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного счетчика электрической энергии с классом точности 2,5, находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.";
      пункт 5 дополнить подпунктом 9) следующего содержания:
      "9) квитанцию – счет стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.";
      пункт 16 изложить в новой редакции:
      "16) Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникации, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.";
      пункт 17 изложить в новой редакции:
      "17. Доля предельно-допустимых расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме устанавливается к совокупному доходу семьи (гражданина) в размере 20 процентов.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии районного
      маслихата А.Курманбаев
      Секретарь районного маслихата А.Сапаров