Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімінің аппаратының 01.02.2013 № 03-228 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шардара ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылғы 1 наурыздан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Оспановқа жүктелсін.
Аудан әкімі М.Мараим
Шардара ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 3 мамырдағы
№ 253 қаулысына қосымша
Шардара ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Дақылдар түрі |
Оңтайлы мерзімдері |
Ескерту |
|
басталуы |
аяқталуы |
|||
1 |
Майлы дақылдар |
01.03.2012ж. |
01.05.2012ж. |
Егістік және суармалы жерлер |
2 |
Жоңышқа |
20.03.2012ж. |
01.05.2012ж. |
Егістік және суармалы жерлер |
3 |
Жүгері |
20.04.2012ж. |
15.06.2012ж. |
Суармалы жерлер |
4 |
Көкөніс және бақша өнімдері |
10.03.2012ж. |
25.06.2012ж. |
Суармалы жерлер |
5 |
Картоп |
10.03.2012ж. |
25.06.2012ж. |
Суармалы жерлер |