Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 23.12.2014 № 535 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 13 сәуірдегі 2005 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Муталиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі К.Айтуреев