РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, 2012 жылғы 30 мамырдағы қалалық ономастикалық комиссиясының қорытындысына сәйкес ШЕШТІ:
1. Ахмер ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 – Алпамыс
№ 2 – Құлагер
№ 3 – Қобыланды
№ 4 – Тайбұрыл
№ 5 – Қыз Жібек
№ 6 – Қ. Қондыбаев
№ 7 – Бірлік
№ 8 – Еңлік-Кебек
№ 9 – Игілік
№ 10 – Қозы-Көрпеш
№ 11 – Баянсұлу
№ 12 – Бейбітшілік
№ 13 – С. Қойшыбаев
№ 14 – Ертөстік
№ 15 – Достық
№ 16 – С. Сейфуллин
№ 17 – Қ. Нұрғалиев
№ 18 – К. Байсеитова
№ 19 – Ш. Қалдаяқов
№ 20 – Т. Нұқаев
№ 21 – С. Мұхамеджанова
№ 22 – І. Омаров.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының Меновной
ауылдық округінің әкімі Е. Нұралдинов