Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 31.03.2014 № 28/150-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Әлеуметтік көмек көрсетуге құқығы бар жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген өзге санаттағы тұлғалар;
4) зейнеттік жасындағы тұлғалар, ең төменгі зейнатақы мөлшерін алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;
5) мүгедектер, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
6) саяси қуғын-сүргін құрбандары;
7) көп балалы отбасылар, соның ішінде:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және I, II дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;
бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);
8) жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері, аз қамтылған отбасыларынан шыққан жалпы орта білім беретін мектептердің түлектері және студенттер;
9) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтар;
10) онкологиялық, ВИЧ жұқтырған, АҚТҚ және туберкулездің түрлі түрлерімен ауыратын азаматтар;
11) дүлей апаттардан зардап шеккен азаматтар (өрт, су тасқыны, дауыл)
2. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мынадай құжаттар тізбесі айқындалсын:
1) әлеуметтік көмек көрсетуге арналған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай бюросынан анықтама;
4) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 29.05.2013 № 17/97-V шешімімен (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;
6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;
7) өтініш берушінің материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі;
8) өтініш берушінің екінші деңгейдегі банктегі жеке шоты.
Құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы С. Жансұлтанов
Қалалық мәслихаттың хатшысы Ж. Елубаев