Ескерту. Күші жойылды - Риддер қаласы әкімдігінің 26.02.2013 N 126 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру бойынша шаралар туралы» қаулысымен бекітілген жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, аз қамтылғандар санынан, сонымен қатар жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесіне сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған кәсіби оқытуға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ, жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің Нұсқаулығы бекітілсін.
2. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.В. Кагармановке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылдың 01 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға тарайды.
Риддер қаласының әкімі М. Сапарғалиев
Риддер қаласы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 05 сәуірдегі № 205
қаулысына қосымша
Кәсіби оқытуға жіберілген табысы аз адамдар
қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және жеті жасқа
дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың,
сондай-ақ, жұмыссыз азаматтардың
жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық
куәландыру шығындарын өтеудің
НҰСҚАУЛЫҒЫ
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 19 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру бойынша шаралар туралы» қаулысымен бекітілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сонымен қатар жұмыссыздарды кәсіптік дайындау, қайта дайындау және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесіне сәйкес әзірленді және кәсіби оқытуға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сонымен қатар жұмыссыздардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу мәселелері жөніндегі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңдылықтың қолданылуын нақтылайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) өтініш беруші – кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілген және шығындарын өтеуге өтініш берген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылған және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адам және жұмыссыз азамат;
2) шығындарды өтеу - өтініш берушінің жол жүруін, тамақтануын, тұруын және медициналық куәландыруын жартылай немесе толық төлеу;
3) жұмыспен қамтылғандар – табысы бар, аз қамтамасыз етілген Қазақстан Республикасының заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар еңбекке жарамды жастағы адамдар.
2. Өңір шегінде тұруға, оқу орнына барып, қайта қайтуға арналған шығындарды өтеу тұрмайтын жерінде оқитын өтініш берушіге жүргізіледі.
3. Өңір шегінде тұру, тамақтану, медициналық куәландыру, оқу орнына барып, қайта қайту шығындарының өтеуін қалалық «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) жүргізеді.
4. Медициналық куәландыру шығындарының өтелуі кәсіби жарамдылықты белгілеуді талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге жүргізіліп, нәтижесіне қарамастан төленеді.
5. Өтініш берушілер медициналық куәландыруды Бөлімнің жолдамасы бойынша өтеді.
6. Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттарды ұсынған күннен бастап, бірақ оқу аяқталған күннен соң бір айдан кешіктірмей жүргізіледі.
7. Бөлімде ресми тіркелген және кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар, жұмыссыз азаматтар шығындарды өтеу құқығына ие.
2. Шығындардың өтеуін алуға өтініш беру шарттары
8. Өтініш беруші Бөлімге жазбаша өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.
3. Қажетті құжаттардың тізбесі
10. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті құжаттар:
1) жазбаша өтініш. Өтінішке жеке басын куәландыратын құжат, салық төлеушінің нөмірі – СТН, өтініш берушінің тұратын жерін растайтын құжаттар, банк шотының үзінді көшірмесі қоса тіркеледі (осы құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, сол кезде түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады). Қаланың ауылдық округтарында тұратын азаматтар үшін адрес бюросының анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабының орнына ауылдық әкімі аппаратында тұратындығы туралы анықтама;
2) теміржол көлігімен, жолаушы автокөлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттары немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымал түрлерімен айналысатын мекеменің анықтамасы;
3) медициналық куәландыруды өткені жөніндегі төлем құжаты болып табылады.
4. Шығындарды өтеудің мөлшері
11. Шығындардың толық өтелуі:
1) медициналық куәландыру – құжаттармен расталған зерттеудің құны үшін;
2) Өңір шегіндегі оқу орнына барып, қайта қайту жолына - құжаттармен расталған жол жүру құны үшін жүргізіледі.
12. Қаланың ауылдық округтарында тұратын өтініш берушілердің тұру шығындарының ішінара өтелуі олардың оқу мерзімінде Риддер қаласында жатақханада тұрғаны үшін – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына бес айлық есептік көрсеткіштен аспағанда жүргізіледі.
Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда – айына бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ұсынылған құжаттар бойынша жүргізіледі.
13. Риддер қаласында оқитындар үшін тамақтану шығындарының өтелуі айына бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
5. Шығындарды өтеу төлемдерінің шарттары
14. Шығындарды өтеудің төлемі халықты жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қаралған қалалық бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
15. Тұру шығындарын ішінара өтелуі ай сайын жүргізіледі.
16. Тамақтану шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.
17. Медициналық куәландыру мен өңір шегіндегі оқу орнына барып, қайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуінің төлемі құжаттар ұсынған кезден бастап бір ай ішінде жүргізіледі.
18. Шығындардың толық немесе ішінара өтелуі ақшалай түрде өтініш берушінің банк шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
«Риддер қаласының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы О.И. Ильинская