Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 27.02.2013 N 92 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабын, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілерінің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2012 жылғы 20 наурыздағы № 165 «2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке азаматтардың кезекті шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (2012 жылы 12 сәуірдегі № 5-6-159 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2012 жылы 18 сәуірдегі № 35 «Аягөз жаңалықтары» газетінде жарияланды) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес, аталмыш қаулының 1 қосымшасы жаңа мазмұнда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданы әкімінің орынбасары С. Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
Аягөз ауданының әкiмi Ә. Мұхтарханов
КЕЛІСІЛДІ:
Аягөз қаласының қорғаныс істері
жөніндегі біріккен бөлімі бастығының
міндетін атқарушы Қ. Кадрахунов
2012 жылғы 19 қазан
Аягөз қалалық және аудандық
iшкi iстер бөлiмiнің бастығы Е. Тұрлыбеков
2012 жылғы 19 қазан
Аягөз аудандық медициналық
бiрлестiгiнің бастығы Ж. Жұмаханов
2012 жылғы 19 қазан
Аягөз ауданы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 19 қазандағы № 551
қаулысына қосымша
2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында
кезекті мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргізу
үшін аудандық комиссияның құрамы
Ысқақов Сейлбек Әбиұрұлы |
Аягөз ауданы әкiмiнің орынбасары, комиссия төрағасы; |
Кадрахунов Қайрат Камалұлы |
Аягөз қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша). |
Комиссия мүшелерi: |
|
Жакупов Мұхтар Омарханұлы |
Аягөз қалалық және аудандық iшкi істер бөлiмi бастығының орынбасары (келiсiм бойынша); |
Санқайбаев Нұрлан Өртбайұлы |
Аягөз аудандық медициналық бірлестігі бастығының орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келiсiм бойынша); |
Жақсыбаева Сәуле Төлеужанқызы |
Аягөз аудандық медициналық бірлестігінің медбикесi, комиссия хатшысы (келiсiм бойынша). |