Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 05.06.2017 № 18/4-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6- бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Зырян ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берiлсін.
Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерде беріледі.
Әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек беріледі.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 17.04.2014 № 30/4-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 18.11.2015 № 51/2-V; 03.08.2016 № 7/4-VI шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Байбуринов |
Зырян ауданының | |
мәслихат хатшысы | Г. Денисова |