РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Өрел ауылдық округi тұрғындарының пiкiрiн ескере келе ШЕШЕМІН:
1. Өрел ауылындағы көшелердің атаулары:
Предгорная көшесі – «Мерғазы Бекпау атындағы» көшесіне;
Школьная көшесі – «Оралхан Бөкей атындағы» көшесіне;
Речная көшесі – «Шоқан Уалиханов атындағы» көшесіне;
Строительная көшесі – «Бауыржан Момышұлы атындағы» көшесіне;
Молодежная көшесі – «Қайрат Рысқұлбеков атындағы» көшесіне;
Кирова көшесі – «Бөгенбай батыр атындағы» көшесіне;
Зеленый клин көшесі – «Орманшылар» көшесіне;
Пограничная көшесі – «Шекарашылар» көшесіне;
Садовая көшесі – «Қаныш Сәтпаев атындағы» көшесіне;
Заставская көшесі – «Бақанас» көшесіне өзгертілсін.
2. Енбек ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – «Баламер Сахариева атындағы» атауы;
№ 2 көшеге – «Садық Түкебаева атындағы» атауы;
№ 3 көшеге – «Таңба» атауы.
3. Аршаты ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін:
№ 1 көшеге - «Күншығыс» атауы;
№ 2 көшеге - «Бұқтырма» атауы;
№ 3 көшеге - «Мектеп» атауы.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман А. Ахметоваға жүктелсiн.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Ауылдық округ әкiмi Е. Көбешев