РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Солоновка ауылы тұрғындарының пiкiрiн ескере келе ШЕШЕМІН:
1. Солоновка ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
Береговая көшесі – «Сейткамза Кезембайұлы Кезембаев атындағы» көшеге;
Заречная көшесі – «Астана» көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Д. Батекенова жүктелсiн.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Ауылдық округ әкiмi Б. Ережепов