Көкпекті ауданы Биғаш селолық округінің елді мекенінде көше атауларын өзгерту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Биғаш селолық округі әкімінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 05 наурызда N 5-15-98 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Биғаш селолық округі тұрғындарының пікірін ескере келе ШЕШЕМІН:
      1. Биғаш ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
      «Коминтерна» көшесі – «Назарбек Саяхимов атындағы» көшесіне;
      «Советская» көшесі - «Максим Степанович Цепура атындағы» көшесіне;
      «Степная» көшесі - «Достық» көшесіне;
      «50 лет Октября» көшесі – «Құмар Раев атындағы» көшесіне;
      «Мир» көшесі – «Бейбітшілік» көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Г. Исмаилхаджиеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Биғаш селолық округ әкімі                  Р. Наурызбаева

О переименовании улиц населенного пункта Бигашского сельского округа Кокпектинского района

Решение акима Бигашского сельского округа Кокпектинского района Восточно-Казахстанской области от 30 января 2012 года N 1. Зарегистрировано управлением юстиции Кокпектинского района департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 05 марта 2012 года за N 5-15-98

      Примечание РЦПИ.
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

     В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктом 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 08 декабря 1993 года «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан», учитывая мнение жителей Бигашского сельского округа, РЕШАЮ:
      1. Нижеследующие улицы в селе Бигаш переименовать:
      улицу «Коминтерна» – на улицу имени «Назарбека Саяхимова»;
      улицу «Советская» – на улицу имени «Максима Степановича Цепуры»;
      улицу «Степная» – на улицу «Достык»;
      улицу «50 лет Октября» – на улицу имени «Кумара Раева»;
      улицу «Мира» – на улицу «Бейбитшилик».
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на главного специалиста Исмаилхаджиеву Г.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования.
 

      Аким Бигашского
      сельского округа                           Р. Наурызбаева