РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және Герасимовка, Казачье ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШЕМIН:
1. Герасимовка ауылындағы келесі көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
«Центральная» көшесі - «Дінмұхаммед Қонаев» көшесіне;
«Школьная» көшесі - «Александр Яковлевич Гутов» көшесіне;
«Набережная» көшесі - «Амантай Мухамадиев» көшесіне;
«Дружбы» көшесі – «Достық» көшесіне;
«Молодежная» көшесі - «Қабдуахит Темергалиев» көшесіне.
2. Казачье ауылындағы «Заречная» көшесі - «Әзілхан Нұршаихов» көшесіне өзгертілсін.
3. Герасимовка ауылындағы 2-кезектегі квартал құрылысының көшелері төмендегідей аталсын:
№ 1 - Ертіс;
№ 2 - Құрылысшылар;
№ 3 - Бауыржан Момышұлы;
№ 4 - Жамбыл Жабаев.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау бас маман Б. Куракпаеваға жүктелсiн.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі Е. Турганов