Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы Науалы ауылдық округі әкімінің 14.11.2013 N 2 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабына сәйкес Науалы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. 2012 жылғы 03 мамырдағы № 7 «Науалы ауылдық округі аймағындағы мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-18-150 болып тіркелген «Уақыт тынысы/Пульс времени» газетінде 2012 жылғы 31 мамырда № 49-50 жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Науалы ауылдық округіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы»;
1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Науалы ауылдық округінде ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.»;
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Науалы ауылдық округінің әкімі Ө. Шоқпарбаев