Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шемонаиха ауданының әкімі аппаратының 06.03.2013 N 3/432 хаты).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағы, 7-бабы 2) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабы негізінде, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 3 ақпанда 5-19-164 нөмірімен тіркеліп, «Уба-Информ» газетінің 2012 жылғы 10 ақпандағы № 6 санында жарияланған) 2012 жылғы 23 қаңтардағы «2012 жылға Шемонаиха ауданы бойынша халықтың нысаналы тобын анықтау туралы» № 343 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі мазмұндағы 21-тармақшамен толықтырылсын:
«21) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдар.».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданының әкімі А. Тоқтаров