РҚАО-ның ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" № 213 Заңының 21-1-бабына сәйкес жұмыс іздеуде қиындық көретін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық мекемелердің кәмелеттік жасқа толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 02.04.2014 N 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмыс орындары квотасы жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Интернаттық мекемелердің кәмелеттік жасқа толмаған түлектеріне жұмыс орындары квотасы жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
3. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 18 сәуірде 5-19-148 нөмірімен тіркеліп, аудандық "ЛЗ Сегодня" газетінің 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 16 санында жарияланған, Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 наурыздағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернаттық мекемелердің кәмелеттік жасқа толмаған түлектеріне жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" № 337 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары В.И. Лонскийге жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданының әкімі | А. Тоқтаров |