Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы бойынша коммуналдық мүлікті cенімгерлікпен басқаруға беру Қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары C. Ж. Шапкеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
2012 жылғы 2 ақпандағы № 13 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Батыс Қазақстан облысы
бойынша коммуналдық мүлікті
cенімгерлікпен басқаруға беру
Қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Батыс Қазақстан облысы бойынша коммуналдық мүлікті cенімгерлікпен басқаруға беру Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысы бойынша коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) басқару органы – акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды басқаруға уәкілетті атқарушы органдар;
2) нарықтық құн – кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде құрылтайшы айқындайтын объектіні иеліктен шығаруға болатын ақшалай есеп айырысу сомасы;
3) объект – мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік кешені, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері), ақша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда сенімгерлікпен басқару шартының объектісі болып табылатын өзге де мемлекеттік коммуналдық мүлік;
4) коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мемлекеттік мүлікті басқаруға уәкілетті (облыстық, аудандық, облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдары;
5) сенімгерлікпен басқарушы – коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысымен сенімгерлікпен басқару шартын жасасқан жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
6) тендер жеңімпазы – тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған тендерге қатысушы;
7) тендер – объектіні сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі конкурстық сауда-саттық нысаны;
8) тендерлік комиссия – коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы объектіні сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрған комиссия;
9) тендерге қатысушы – тендерге қатысуға жіберілген жеке немесе заңды тұлға;
10) сенімгерлікпен басқару шарты – коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы мен сенімгерлікпен басқарушы арасында жасалатын азаматтық құқықтар мен мiндеттерді белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату жөніндегі шарт.
2. Объектіні сенімгерлікпен басқаруға
беруді ұйымдастыру және жүзеге асырудың тәртібі
3. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз, сондай-ақ рентабельдi емес мемлекеттік коммуналдық кәсiпорындарды сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімді коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы қабылдайды.4. Кейіннен сатып алу құқығымен беру немесе рентабельді емес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды оңалту үшін объектіні сенімгерлікпен басқаруды құрған жағдайда тендер өткізу міндетті болып табылады.
5. Рентабельдi емес мемлекеттік коммуналдық кәсiпорындардың басқару органдары рентабельдi емес мемлекеттік коммуналдық кәсiпорындарды сенiмгерлiкпен басқаруға беру жөнiндегi ұсыныстарды коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысына енгiзедi.
Осы Қағиданың мақсаттарына сәйкес рентабельдi емес мемлекеттік коммуналдық кәсiпорындарға төмендегідей өлшемдерге жауап беретiн мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындар жатады:
1) үш жылдың iшiнде ағымдағы, негiзгi және негiзгi емес қызметтiң рентабельдiлiгi көрсеткiштерiнiң төмендеуi және/немесе олардың жоспарланған мөлшердi қамтамасыз етпеуi;
2) қатарынан үш жылдың iшiнде таза табыс бойынша жоспарлы көрсеткiштердi орындамауы.
6. Объектiнi кейiннен сатып алу құқығынсыз сенiмгерлiкпен басқаруға берудi мынандай жағдайларда:
1) объектiлерді коммуналдық заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеу есебiне бергенге дейiн;
2) теңгерiм ұстаушылардың жазбаша келiсiмiнiң негiзiнде алаңы бiр жүз шаршы метрге дейiнгi үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны ең төменгi есептi көрсеткiштен бiр жүз елу еселенгеннен кем емес жабдықты бергенде;
3) теңгерім ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде, сенімгерлікпен басқарушының қаражаты есебінен коммуникация желілерін тиісті дәрежеде ұстаған жағдайда тиімді сатып алу мүддесімен пайдаланушы ұйымдарға коммуникациялардың инженерлік желі объектілерін бергенде тендер өткiзбестен жүзеге асыруға болады.
7. Объектiнi сенiмгерлiкпен басқаруға тендер өткiзбестен беру үшін мүдделi тұлғалар коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысына келесі құжаттарды қоса бере отырып, объектiнi сенiмгерлiкпен басқаруға беру жөнінде ерiктi түрде өтiнiмдер береді:
1) теңгерiм ұстаушының объектiнi сенiмгерлiкпен басқаруға беруге жазбаша келiсiмi;
2) объектiнiң қажеттiлiгiне негiздеме;
3) заңды тұлғалар үшiн - нотариалды куәландырылған мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы), салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмелерi, тиісті салық органы берген объектiнi сенiмгерлiкпен басқаруға беру жөніндегі өтiнiм берген күннiң алдындағы соңғы үш айдан астам мерзім ішінде салық берешегінің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектерінің жоқ екенi туралы белгіленген нысандағы анықтаманың түпнұсқасы;
4) жеке тұлғалар үшiн - нотариалды куәландырылған жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының, салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмелерi;
5) дара кәсiпкер үшiн - нотариалды куәландырылған дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмелерi, тиісті салық органы берген объектiнi сенiмгерлiкпен басқаруға беру жөніндегі өтiнiм берген күннiң алдындағы соңғы үш айдан астам мерзім ішінде салық берешегінің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектерінің жоқ екенi туралы белгіленген нысандағы анықтаманың түпнұсқасы.
8. Объектiнi тендер өткiзбестен сенiмгерлiкпен басқаруға беру кезiнде объектiнi сенiмгерлiкпен басқаруға беру жөніндегі өтiнiмдi коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысы жетi жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде қарастырады.
9. Объектiнi тендер өткiзбестен сенiмгерлiкпен басқаруға беру кезiнде сенiмгерлiкпен басқарушы мен коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысы не оның мiндетiн атқарушы тұлға объектiнi сенiмгерлiкпен басқаруға беру жөніндегі өтiнiм берген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей сенімгерлікпен басқару шартын жасасады..
3. Объектiнi сенiмгерлiкпен
басқаруға беруге дайындау
10 Объектiнi сенiмгерлiкпен басқаруға беруге дайындауды коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысы жүзеге асырады.11. Басқару органы коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысына акциялары (үлестерi), не мүлiктiк кешенi тендердің объектісі болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, заңды тұлғаның соңғы үш жылдағы қаржылық-шаруашылық қызметi туралы толық ақпаратты, объектiнi кейiннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенiмгерлiкпен басқаруға беру жөнiндегi шарттарды белгiлеу туралы ұсынысты бередi.
Басқару органы жылжымалы (ақшадан басқа) және жылжымайтын мемлекеттік коммуналдық мүлік объектiлері бойынша коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысына объектiнiң сипаттамасын, объектiнiң теңгерiмдiк құны туралы мәлiметтердi және объектiнi кейiннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенiмгерлiкпен басқаруға беру жөнiндегi шарттарды белгiлеу туралы ұсынысты бередi.
12. Мемлекеттiк заңды тұлғалар, сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттiң қатысу үлестерi сенiмгерлiкпен басқаруға беру объектiсi болып табылатын мемлекеттiк емес заңды тұлғалар коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының жазбаша сұрауы бойынша олар белгiлеген мерзiмдерде объектiнi сенiмгерлiкпен басқаруға беруге дайындау үшiн қажеттi мәлiметтердi бередi және берiлген мәлiметтердiң дұрыстығына жауапты болады.
4. Тендер өткiзуге дайындық
13. Коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысы сенiмгерлiкпен басқаруды құру мақсатында:1) тендер ұйымдастырады (тендерлiк комиссияның құрамы мен жұмыс регламентiн бекiтедi, тендерге қатысушыларды тiркейдi, тендер өткізу туралы хабарламаның жариялануын қамтамасыз етеді);
2) тендер объектісі туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады;
3) кепiлдiк жарналарды қабылдайды;
4) Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасына сәйкес объектiнi бағалауды жүргiзуге шарттар жасасады;
5) тендерге қатысушылармен және бағалаушылармен тендер өткiзу рәсiмдерiне байланысты есептердi жүзеге асырады;
6) тендер жеңімпазымен сенімгерлікпен басқару шартын жасасады;
7) объектiнi сенiмгерлiкпен басқаруға беруге байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады.
14. Коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысы тендердi ұйымдастыру және өткiзу үшiн тұрақты тендерлiк комиссия құрады.
Тендерлiк комиссияның құрамына коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының, басқару органының өкiлдерi немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың өкiлдерi енгізіледі. Төраға мен хатшы коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының өкiлдерi болып табылады. Тендерлiк комиссия құрамының саны кемiнде бес адамнан құрылады. Хатшы тендерлiк комиссияның мүшесi болып саналмайды.
Комиссияның отырысы, eгep оған комиссия мүшелерiнiң кемiнде 2/3-ci қатысса, заңды болып табылады.
15. Тендерлiк комиссия мынандай функцияларды жүзеге асырады:
1) кепiлдiк жарнаның мөлшерiн бекiтедi;
2) қажет болған жағдайда тендердiң шарттары мен сенiмгерлiкпен басқарушыға қойылатын талаптарды айқындайды;
3) тендер өткiзедi;
4) тендер жеңiмпазын анықтайды.
5. Тендерлiк құжаттама
16. Тендер өткiзу туралы хабарлама тендер өткiзудiң жарияланған күнiне дейiн кемiнде он бес күнтiзбелiк күн бұрын, ал акционерлiк қоғамдардың акциялары мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлестерiн сенiмгерлiкпен басқаруға беру кезiнде - тендердi өткiзгенге дейiн кемiнде отыз күнтiзбелiк күн бұрын мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жарияланады, әрi мынандай мәлiметтердi:1) тендердiң шарттары мен тендер жеңiмпазын анықтау өлшемдерiн;
2) тендер объектiсiнiң қысқаша сипаттамасын;
3) тендердi өткiзу күнiн, уақыты мен орнын;
4) тендерге қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсынудың тәртiбiн, тәсiлiн, орны мен түпкілікті мерзiмiн;
5) кепiлдiк жарнаның мөлшерi мен оны енгiзу үшiн банктiң деректемелерiн (кепiлдiк жарнаның мөлшерiн тендер өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертуге болмайды);
6) сенiмгерлiкпен басқарушыға қойылатын талаптарды;
7) басқару органдары ұсынған қосымша мәлiметтердi қамтиды.
17. Тендерлiк комиссия тендердiң шарттарын өзгерткен жағдайда барлық өзгерiстер туралы хабарлама осы Қағиданың 16-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жариялануы тиiс.
Тендердiң шарттары өзгергенi туралы хабарлама жарияланғанға дейiн тендерге қатысуға өтiнiм берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан тұлғалар кепiлдiк жарнаны толық көлемде қайтаруды талап етуге құқылы.
18. Тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланғанға дейiн акциялары мен жарғылық капиталындағы мемлекеттiң қатысу үлестерi не мүлiктiк кешенi сенiмгерлікпен басқаруға беру объектiсi болып табылатын әрбiр заңды тұлға бойынша коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысы мынадай құжаттардың көшiрмелерiнен тұратын құжаттар пакетiн дайындауы тиiс:
1) заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiк;
2) жарғы;
3) эмиссияны тiркеу туралы куәлiк (акционерлiк қоғамдар үшiн);
4) есептi кезеңнiң алдындағы үш жылғы қосымшаларымен бухгалтерлiк баланстар;
Тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысы тендерге қатысушы болуға тiлек бiлдiргендерге объектi туралы ақпаратқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi.
19. Тендерге қатысушылар тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде кепiлдiк жарна енгiзедi. Егер тендерге қатысушы өкiлiнiң өкiлеттiгiн растайтын құжатта олар осындай әрекеттерді жасауға уәкілетті болса, кепiлдiк жарнаны тендерге қатысушының атынан кез-келген жеке немесе заңды тұлға енгiзе алады. Кепiлдiк жарнаны алушы коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысы болып табылады.
20. Тендерге қатысу үшiн кепiлдiк жарна әрбiр объект үшiн оның нарықтық құнының немесе теңгерiмдiк құнының (объектiнi кейiннен сатып алу құқығынсыз сенiмгерлiкпен басқаруға берген жағдайда) он пайызы шегiнде бөлек белгiленедi.
21. Кепiлдiк жарна тендерге қатысушының мынадай мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылады:
1) жеңген жағдайда тендердiң нәтижелерi туралы хаттамаға қол қою;
2) коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысымен сенімгерлікпен басқару туралы шарт жасасу.
22. Егер тендерге қатысушылар осы Қағиданың 17-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер өткiзiлгенге дейiн кемiнде үш күн бұрын оған қатысудан бас тартқан жағдайда коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысы оларға кепiлдiк жарнаны қайтармайды.
23. Осы Қағиданың 22 және 41-тармақтарында санамаланғандардан басқа барлық жағдайларда кепiлдiк жарна тендер аяқталған күннен бастап он банктiк күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде, ал егер ақша коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының шотына тендер өткiзiлгеннен кейiн түссе, онда олар түскен күннен бастап банктiк он күн iшiнде қайтарылады.
Кепiлдiк жарналар сауда-саттыққа қатысушының деректемелерi көрсетiлiп, тендерге қатысушы берген кепiлдiк жарнаны қайтару туралы өтiнiш негiзiнде қайтарылады.
6. Тендердi өткiзу
24. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және тендер басталғанға дейiн жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.25. Тендерге қатысушы ретiнде тiркелу үшiн мыналарды:
1) осы Қағиданың 1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша тендерге қатысушыны тендер жеңiмпазы деп анықтаған жағдайда оның, тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген және тендерге қатысушының өзi ұсынған тендер талаптарында шарт жасасу мiндеттемесiн жазбаша бiлдiретiн тендерге қатысуға өтiнiмдi;
2) басқа құжаттардан бөлек ықтимал қатысушының мекенжайы мен "ОБЪЕКТІ БОЙЫНША КОНКУРС" (объектінің атауы көрсетіледі) және "ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" (конвертті ашатын күн мен уақыт көрсетіледі) мазмұндағы мәтіні көрсетілген желімделген конвертте тендерге байланысты құжаттаманы қоса бере отырып, жазбаша түрде тендер шарттары бойынша ұсыныстарды;
3) банктiң (банктердiң) мөрi басылған бiрiншi басшы немесе қол қоюға құқығы бар адам және бас бухгалтер кол қойған тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу күнiнiң алдында кемiнде үш ай бұрын банк (банктер) алдында тендердiң ықтимал қатысушысының мерзiмi өткен берешегiнiң жоқ екенi туралы анықтаманы. Егер тендерге ықтимал қатысушы екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң, сондай-ақ шетел банкiнiң клиентi болып табылған жағдайда, осы анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен аудиттi мiндеттi өткiзу белгiленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебiн;
5) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
6) заңды тұлғаның жарғысының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн. Шетел заңды тұлғалары құрылтай құжаттарын нотариалды куәландырылған мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегі аудармасымен қоса ұсынады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi ұзартылған жағдайларды қоспағанда, осы салық органының мөрi бар бiрiншi басшы немесе қол қою құқығы бар адам қол қойған тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу күнiнiң алдында кемiнде үш ай бұрын салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екенi туралы анықтаманың түпнұсқасы;
8) коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының депозит шотына кепiлдiк жарнаны аудару туралы төлем тапсырмасының немесе түбiртектiң түпнұсқасын;
9) тендерге ықтимал қатысушы өкiлiнiң өкiлеттiгiн растайтын құжатты (жеке басын куәландыратын құжатты, паспортты (шетел азаматтары үшiн) не тиiстi мемлекеттiк орган берген уақытша жеке куәлiктi ұсынған жағдайда жарамды);
10) ықтимал қатысушының тендер өткізу туралы хабарламада көрсетiлген сенiмгерлiкпен басқаруға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
26. Жеке тұлға болып табылатын тендердiң ықтимал қатысушысы:
1) осы Қағиданың 1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша тендерге қатысушыны тендер жеңiмпазы деп анықтаған жағдайда оның, тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген және тендерге қатысушының өзi ұсынған тендер талаптарында шарт жасасу мiндеттемесiн жазбаша бiлдiретiн тендерге қатысуға өтiнiмдi;
2) басқа құжаттардан бөлек ықтимал қатысушының мекенжайы мен "ОБЪЕКТІ БОЙЫНША КОНКУРС" (объектінің атауы көрсетіледі) және "ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" (конвертті ашатын күн мен уақыт көрсетіледі) мазмұндағы мәтіні көрсетілген желімделген конвертте тендерге байланысты құжаттаманы қоса бере отырып, жазбаша түрде тендер шарттары бойынша ұсыныстарды;
3) ықтимал қатысушының тендер өткізу туралы хабарламада көрсетiлген сенiмгерлiкпен басқаруға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi ұзартылған жағдайларды қоспағанда, осы салық органының мөрi бар бiрiншi басшы немесе қол қою құқығы бар адам қол қойған тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу күнiнiң алдында кемiнде үш ай бұрын салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екенi туралы анықтаманың түпнұсқасын;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың, паспорттың (шетел азаматтары үшiн) немесе тиiстi мемлекеттiк орган берген уақытша жеке куәлiктiң көшiрмесiн;
6) тиiстi мемлекеттiк орган берген заңды тұлға құрмастан, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн құжаттың көшiрмесiн (дара кәсiпкер үшiн) ұсынады;
7) коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының депозит шотына кепiлдiк жарнаны аудару туралы төлем тапсырмасының немесе түбiртектiң түпнұсқасын ұсынады.
27. Өтiнiмдердi қабылдау және тендерге қатысуға ниет бiлдiрген адамдарды тiркеу талап етiлетiн құжаттардың толық пакеті бар болған кезде жүргiзiледi.
28. Тендерлік құжаттама осы Қағиданың 25-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда (тігілген түрде, нөмірленген беттермен, соңғы беті ықтимал қатысушының қолымен және мөрімен расталған (жеке тұлға үшін егер осындай болса) бөлек ықтимал қатысушының мекен-жайы көрсетілген желімделмеген конвертте беріледі.
29. Тендерге қатысуға өтiнiмдер және тендерге қатысуға ниет бiлдiрген адамдар сенімгерлік басқару объектілері бойынша тендерлік өтінімдерді тіркеу журналында (бұл ретте журнал тігілген түрде, нөмірленген беттермен, соңғы беті құрылтайшының мөрімен расталған болуы керек) тіркеледі және мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) тендерді өткізу күні;
2) тендердің мәні болып табылатын объектінің атауы;
3) өтінімді тіркейтін (қабылдайтын) күні мен уақыты;
4) тендердің ықтимал қатысушыларының жеке немесе заңды тұлғаларының мәліметтері;
5) өтінімді берген тұлғаның қолы;
6) өтінімді қабылдаған тұлғаның қолы.
30. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы тендердiң шарттары болып табылатын қызмет түрлерiмен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;
2) сенiмгерлiкпен басқаруға шарт жасасу және оны орындау жөнiндегi тиiстi мiндеттемелердi орындамаған өткен тендерлердiң жеңiмпазы тендерге қатысушы бола алмайды.
31. Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысы тендерге қатысушыларға қатысы бар ақпаратты тендердi дайындау және оны өткiзудiң бүкiл кезеңi iшiнде жариялауға құқығы жоқ.
32. Тендерге қатысушылардың өтінімдері оған қоса берілген құжаттарымен бірге журналға тiркелгеннен кейiн сейфте сақталады. Тендер өткiзiлетiн күнi тендерге қатысушылардың өтінімдері оған қоса берілген құжаттарымен бірге тендерлiк комиссияға берiледi.
33. Тендер ашық болуы тиiс.
34. Тендер өткізілетін күні отырыста тендерлік комиссияның мүшелері тендерлік өтінімдері бар конвертті ашады және тендерге қатысушылардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттерді ашу алдында тендерлік комиссия мүшелері олардың бүтіндігін тексереді, бұл тендерлік комиссия отырысының хаттамасында тіркеледі. Конверттерді ашу кезінде тендерге қатысушылардың немесе олардың уәкілеттік берген өкілдерінің қатысуға құқығы бар.
Тендерлік комиссия жеңімпазды анықтау өлшеміне (өлшемдеріне) сүйене отырып, тендерге қатысушылардың ұсыныстарын қарайды.
35. Тендерлiк комиссияның шешiмi оның мүшелерiнiң қарапайым дауыс беру көпшiлiгiмен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Дауыстар тең болған кезде тендерлiк комиссия дауыстардың тең санын алған қатысушыларды келiссөзге шақыруға құқылы және тендерлiк комиссияның пiкiрi бойынша объектiнiң жұмысын жақсартуға бағытталған ең жақсы қосымша ұсыныстарды енгiзген тендерге қатысушы жеңiмпаз болып танылады.
7. Тендер нәтижелерiн ресiмдеу және
сенімгерлікпен басқару шартының мазмұны
36. Тендерлiк комиссияның шешiмi осы Қағиданың 2-қосымшасында белгiленген нысан бойынша хаттамамен ресiмделедi, оған тендерлiк комиссияның мүшелерi, оның төрағасы және тендер жеңiмпазы қол қояды. Тендерлiк комиссияның мүшесi өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша беруге және оны хаттамаға қоса беруге құқылы, ол туралы соңғысында белгi қойылады. Тендердiң нәтижелерiне оның қатысушылары тендер жеңiмпазын хабарлаған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде шағым бере алады.37. Тендер нәтижелерi туралы хаттама тендер жеңiмпазы мен коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының тендер шарттарында және тендер жеңiмпазының тендерлiк ұсыныстарына сәйкес сенімгерлікпен басқару шартын жасасу мiндеттемелерiн белгiлейтiн құжат болып табылады.
38. Тендер нәтижелерiн тендер жеңiмпазын анықтаған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысы бекiтедi.
Мынадай жағдайларда, егер:
1) тендерлiк комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстарын тендер шарттарын қанағаттандырмайды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейдi деп таныса;
2) тiркелген тендер қатысушыларының саны екеуден кем болса;
3) тендерлiк комиссия жеңiмпаздың жоқ екенi туралы шешiм қабылдаса;
4) тендер жеңiмпазы тендердiң нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартса, тендер өткiзiлмедi деп танылады.
Тендер өтпеген болып танылған жағдайда тендерлiк комиссия жаңа тендердi хабарлауға және тендер шарттарын өзгертуге құқылы.
39. Тендерге қатысуға тiркелгендер екеуден аз болған жағдайда тендерлiк комиссия желiмделген конверттi ашпайды. Тендер өткiзiлмедi деп танылғаннан кейiн барлық ұсынылған құжаттар тендерге қатысушының жазбаша сұрауы бойынша оған қайтарылады.
40. Объектi сенімгерлікпен басқару шартын жасасуға ниет бiлдiрген жалғыз қатысушыға берiлуi мүмкiн үшiншi және кейiнгi тендерлердi қоспағанда, кейiннен сатып алу құқығы берiлетiн, бiр қатысушы қатысқан тендерлер өткiзiлмедi деп танылады.
Осы Қағиданың 38-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес сатып алу құқығы берiлмейтiн тендер өткiзiлмедi деп танылған жағдайда, коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысы тендер шарттары бойынша сенімгерлікпен басқару шартын жасасуға ниет бiлдiрген жалғыз қатысушыға объектiнi беру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
41. Тендер жеңiмпазы тендердiң нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сенімгерлікпен басқару шартына қол қоюдан жалтарған кезде өзi енгiзген кепiлдiк жарнаны жоғалтады.
42. Мыналар:
кәсiпорын қызметiнiң негiзгi түрiн сақтау;
мыналарды:
табыстылықты арттыру мақсатында қаржы көрсеткiштерiн жақсарту бойынша ұсыныстарды;
тиiмдi шаруашылық қызмет мақсатында өндiрiс құрылымын, оның техникалық-технологиялық базасын қайта құру бойынша ұсыныстарды;
маркетингтiк қызметтi ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды;
неғұрлым ұтымды шарттарда қажеттi қаржы қаражатын тарта отырып, кәсiпорынды қаржылық тұрақтандырудың (оңалтудың) қолданылатын тетiктерi бойынша ұсыныстарды;
бағдарламаны iске асыру мерзiмiн қамтитын кәсiпорынның қаржылық оңалту бағдарламасының болуы осы Қағиданың 5-тармағында көрсетiлген өлшемдерге сәйкес рентабельдi емес мемлекеттік коммуналдық кәсiпорындарды сенiмгерлiкпен басқаруға беру бойынша тендер жеңiмпазын анықтаудың негiзгi өлшемдері болып табылады.
Басқару органы мемлекеттік коммуналдық кәсiпорындар қызметiнiң ерекшелiгiн ескере отырып қосымша өлшемдердi ұсынуы мүмкiн.
43. Объектіні сенімгерлікпен басқару Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін сенімгерлікпен басқарудың үлгі шартына сәйкес жасалатын шарт негізінде туындайды (құрылады). Шарт 1 (бір) жылдан 10(он) жылға дейінгі мерзімге жасалады.
44. Сенімгерлікпен басқару шарты тендер жеңiмпазының тендерлiк ұсыныстарына сәйкес шарттарды көздеуi тиiс.
45. Мыналарға:
объектiге инвестициялардың көлемдерiне, түрлерiне және мерзiмдерiне;
өндiрiс көлемдерiне, шығарылатын өнiмнiң немесе көрсетiлетiн қызметтердiң түрлерi мен номенклатурасына;
нақты тұтынушыларға өнiмдi жеткiзуге;
баға белгiлеуге, оның iшiнде бағалардың шектi деңгейi бойынша шектеулерге;
табиғат қорғау iс-шараларын өткiзуге;
қолда бар сақтап қалуға немесе жаңа жұмыс орындарын құруға;
өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн пайдалану тәртiбiне;
объектiнiң берешектерiн белгiленген мерзiмдерде өтеуге;
сенiмгерлiкпен басқарушының объектiнi кейiн сатып алуына;
мәмiлелер жасасуға және/немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде объектiге қатысты айқындалған әрекеттерге тыйым салуға;
объектiнiң нарықтық құнын төлеу үшiн бөлiп төлеудi ұсынуға;
объектiнi сенiмгерлiкпен басқаруға беру кезiнде туындайтын салықтық мiндеттемелерге қатысты сенiмгерлiкпен басқару мiндеттемелерi объектiнi кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенiмгерлiкпен басқаруға беру шарттары болуы мүмкiн.
46. Объектiнi сенiмгерлiкпен басқарушының сатып алу шарттары сенімгерлікпен басқару шартымен анықталады.
Сенiмгерлiкпен басқарушыға объектiнi сатуға ол сенімгерлікпен басқару шартын тиiсiнше орындаған жағдайда ғана жол берiледi. Объектiнi сату сатып алу-сату шартын жасасу арқылы нарықтық құн бойынша жүзеге асырылады.
Сенiмгерлiкпен басқару мерзiмi iшiнде нарықтық құн инфляция деңгейiне сәйкес индекстеуге жатады және сатып алу-сату шартын жасасқан күннен кейiн үш жылдан аспайтын мерзiмге бөлiп төленуi мүмкiн. Нарықтық құнды бөлiп төлеу мүмкiндiгi сатып алу құқығымен сенiмгерлiкпен басқаруға беру жөнiндегi тендердiң шарттарына енгiзiледi. Нарықтық құнды бөлiп төлеудiң мерзiмi мен тәртiбi сатып алу-сату шартында айтылады.
8. Сенімгерлікпен басқару
шартының орындалуын бақылау
47. Сенімгерлікпен басқару шарты талаптарының орындалуын бақылауды коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысы жүзеге асырады.48. Бақылауды жүзеге асыру үшiн коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудың құрылтайшысы сенімгерлік басқару шарты орындалуына байланысты құжаттармен танысады, сондай-ақ тәуелсiз консультанттарды тарта отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк туралы заңнамасына сәйкес объектiнi басқару тиiмдiлiгiнiң жыл сайынғы мониторингiн жүргiзедi.
49. Сенiмгерлiкпен басқарушы коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысына және пайда түсiрушiге өзiнiң қызметi туралы есептi сенімгерлікпен басқару шартында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен ұсынады.
50. Сенімгерлікпен басқару шарты талаптарының орындалуын бақылау сенiмгерлiкпен басқарушының мiндеттемелердi орындауды аяқтаған сәтке дейiн жүргiзiледi
9. Қорытынды ережелер
51. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидада көзделген сенімгерлікпен басқару қатынастарына азаматтық заңнаманың осындай қатынастарды реттейтін нормалары тараладыБатыс Қазақстан облысы бойынша коммуналдық мүлiкті сенiмгерлiкпен басқаруға беру Қағидасына 1 қосымша |
Коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен
басқаруға беру жөнiндегi
тендерге қатысуға
ӨТIНIМ
1. Кейiннен сатып алу____________________мерзiмге жыл(құқығымен/құқығынсыз)
___________________________________________________________
(объектiнiң атауы)
сенiмгерлiкпен басқаруға беру жөнiндегi тендер өткiзу туралы жарияланған хабарламаны қарай келе және Батыс Қазақстан облысы бойынша коммуналдық мүлікті сенiмгерлiкпен басқаруға беру қағидасымен таныса отырып, мен өтiнiмге қол қоюға уәкiлеттi, төменде қол қоюшы,
___________________________________________________________
(толық аты-жөнi, тегi)
_____________________________________________________атынан
(атынан тапсырыс берiп отырған Қатысушы көрсетiледi)
тендерге қатысу өтiнiмiн қабылдауды және 20__ жылғы "___"
__________ мекенжай бойынша өтетiн тендерге қатысушы ретiнде тiркеудi сұраймын.
2. Бiз (мен)_________________________________________
(теңгедегi сома,
__________________________________________________сомасында
сондай-ақ жазумен көрсетiледi)
тендерге қатысу үшiн тендер өткізу туралы хабарламада көрсетiлген
___________________________________________________________
(Сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысының толық атауы)
депозиттiк шотына:_________________________________________
(ЖСК, БСК, СТН, төлем коды,
___________________________________________________________
Кбе, мекеменiң коды)
кепiлдiк жарна енгiздiк (енгiздiм).
3. Бiздiң (менiң) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместiгiмiз айқындалған жағдайда, бiз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), келiсемiн.
4. Егер бiз (мен) тендердiң Жеңiмпазы болған жағдайда, өзiмiзге тендердi өткiзген күнi Тендердiң нәтижелерi туралы хаттамаға қол қою және тендер аяқталғаннан кейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей тендер өткізу туралы хабарламада көрсетiлген және бiз (мен) ұсынған тендердiң шарттарында Сенiмгерлiкпен басқару шартын жасасу мiндеттемесiн аламыз.
5. Бiз енгiзген кепiлдiк жарна сомасы қайтарылмайтынымен және мынадай:
тендер өткiзiлгенге дейiн кемiнде үш күн бұрын оған қатысудан бас тартқан;
Тендердiң нәтижелерi туралы хаттамаға немесе Сенiмгерлiкпен басқару шартына қол қоюдан жалтарған жағдайларда
___________________________________________________________
(Сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысының толық атауы)
қалатынымен келiсемiз (мiн).
6. Осы өтiнiм Тендердiң нәтижелерi туралы хаттамамен бiрге Сенiмгерлiкпен басқару шартын жасасуға дейiн қолданылатын шарт күшiне ие.
7. Өтiнiшке
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
қоса берiлiп отыр.
8. Төлем деректемелерi:
___________________________________________________________
(бенефициар-банктiң деректемелерi:
___________________________________________________________
банктiң атауы, СТН, ЖСК, БСК)
___________________________________________________________
___________________________________________________________
(алушының деректемелерi: атауы,
___________________________________________________________
СТН, ЖСК, Кбе, ағымдағы шоты)
9. Қатысушының толық атауы (заңды тұлғаның немесе аты-жөнi) және жеке тұлғаның паспорттық деректерi, тұратын жерi (мекенжайы, телефон, факс)
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
(қолы) (сенiмхаттың негiзiнде әрекет
ететiн уәкiлеттi тұлғаның аты-жөнi)
20__ жылғы "____" __________
М.О.
Батыс Қазақстан облысы бойынша | |
коммуналдық мүлiкті сенiмгерлiкпен | |
басқаруға беру Қағидасына | |
2 қосымша |
Сенiмгерлiкпен басқаруға
беру жөнiндегi тендердiң
нәтижелерi туралы
хаттама
Кейiннен сатып алу___________________________мерзiмге(құқығымен/құқығынсыз) жыл
___________________________________________________________
(объектiнiң атауы)
Тендер өткiзiлетiн күн:____________________________________
Тендер өткiзiлетiн жер:____________________________________
___________________________________________________________
Сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы:_______________________
___________________________________________________________
Сенiмгерлiкпен басқару объектiсi:__________________________
___________________________________________________________
(объектiнiң толық сипаттамасы: мемлекеттiк акциялар
___________________________________________________________
пакетi, қатысу үлесi, мүлiктiк кешенi,
___________________________________________________________
жылжымалы және жылжымайтын мүлкi)
Сенiмгерлiкпен басқару объектiсiнiң орналасқан жерi:_______
___________________________________________________________
(мекенжайы, телефон, факс)
___________________________________________________________
Объектiнiң құны:___________________________________________
___________________________________________________________
(теңгерiмдiк/ағымдағы)
___________________________________________________________
Тендерге___________(____________________) қатысушы қатысты.
(саны, оның iшiнде жазумен)
Тендер нәтижелерi:
1. Тендердiң жеңiмпазы:____________________________________
(тендер жеңiмпазы деп
___________________________________________________________
танылған Қатысушы көрсетiледi)
2. Тендер шарты және Тендер жеңiмпазының ұсыныстары:
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Тендердiң нәтижелерi туралы хаттама тендер аяқталғаннан кейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Тендер жеңiмпазы мен Сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының сенiмгерлiк басқару шартын жасасу мiндеттемесiн тiркейтiн құжат болып табылады.
___________________________________________________________
(тендердiң нәтижелерiмен және тендер жеңiмпазының
___________________________________________________________
мiндеттемелерiмен танысу туралы тендер жеңiмпазы
___________________________________________________________
деп танылған Қатысушының уәкiлеттi тұлғасының
___________________________________________________________
өз қолымен қойған белгiсi көрсетiледi)
_____________ _______________ _____________________________
(күнi) (қолы) (аты-жөнi, тегi)
Осы хаттама Сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы мен Тендер жеңiмпазы үшiн бiр-бiрден екi данада жасалған.
Комиссия төрағасы: ___________ ____________________________
(қолы) (аты-жөнi, тегi)
Комиссия төрағасының
орынбасары: ___________ ____________________________
(қолы) (аты-жөнi, тегi)
Комиссия мүшелерi: ___________ ____________________________
(қолы) (аты-жөнi, тегi)
Комиссия хатшысы: ___________ ____________________________
(қолы) (аты-жөнi, тегi)
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
СТН – салық төлеушінің нөмірі;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
БСК – бизнес сәйкестендіру коды;
Кбе – бенифициар коды;
М.О. – мөр орны.